Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Шимайсыз өмір». 2016

К 25-летию Независимости

2016 жылғы 3 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» жалпы республикалық акция аясында №30 мектеп оқушылары үшін қазақтың белгілі жазушысы Оралхан Бөкеевтың шығармашылығы жайында дәріс өткізілді.

Оқушылардың назарына қазақ жастарының ең сүйікті авторларының бірі – О. Бөкеевтың өмірбаяны ұсынылды. Сонымен қатар, автордың шығармашылығы жөнінде әңгіме жүргізілді.  

Әдебиет әлеміне Оралхан Бөкеев өзіндік болмысымен келіп, басқаларға ұқсамастығымен таң қалдырды. 1970 жылы шығарылған ең алғашқы «Қамшыгер» атты жинағы оны тек қана Қазақстанда емес, ҚСРО республикаларында және оның шеттерінде атақты болып танытты. Оралхан Бөкеевтың кітаптары неміс, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ҚСРО халықтарының тілдеріне аударылды. Оның повестілер мен әңгімелерінің барлық сюжеттері туған жерді еске түсіреді. Шығармаларының кейіпкерлері – ол ашық көрінген ұлттық мінезді адамдар, шабандар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, орманшылар, ересектер мен жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер, қарттар мен жастар. «Менің жерлестерім – қазақтар, адал және ашық жүректі, сом мінезді адамдар, ата-бабалары таңдаған жерінде сиқырланғандар сияқты өмір сүруде». Кітаптың әр жолында туған жеріне деген сүйіспеншілікті байқауға болады: мол сулы Бұқтырма, қар басқан Алтай таулары, Белуха, мұнда жазушы шығармашылық шабыт алуда. Жазушы өз кейіпкерлерінің, табиғаттың бейнелерін дәл келтіріп сипаттайды: «Алтай – әлуетті қапсағай түйедей», «Арқан кеңдігіне тасталған күн». Әр адам оның повестілер мен әңгімелерін оқыған кезде оның кейіпкерлерімен бірге ауыл өмірінің қайғы-қасіреті мен қуанышын бастан кешкендей болады.    

Оралхан Бөкеевтың өмірі қысқа әрі жарық болды, ол қазақ әдебиетінің көкжиегінен аққан жұлдыздай пайда болып артынша жоқ болды. Музей-қорық қызметкерлері «Жастар» саябағында Оралхан Бөкеевтың павильонын ашып, жазушының мүсінін орнатты. Павильонда Оралхан Бөкеевтың заттары, үйінің интерьері, жазушы шығармаларының кейіпкерлеріне арналған суретші Б. Исинның суреттері ұсынылған.    

Оқушылар дәріс тыңдаған соң қойылған сұрақтарға жауап берді: «О. Бөкеев қарасөздерінің басқа қазақстандық авторлардан айырмашылығы неде?», «Қандай повестілер мен әңгімелер көңілдеріңізден шықты?», «Неге жазушы өмірден өткеннен кейін «Казахстанская правда» газетінде «Кетпеші, Адам-бұғы» атты мақала шықты?», «Шығыс Қазақстанда қандай ескерткіш орындарға О. Бөкеевтың аты берілген?».  

 

 

 

                                   Сысенко Г.А.

                                   музей-қорық маманы