Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Теңге - ұлттық валютаның тарихы». 2015

К 25-летию НезависимостиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Теңге - ұлттық валютаның тарихы» атты виртуалды дәріс-экскурсия ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған іс-шараға ШҚО Білім басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жасөспірімдердің арнайы үйі» КММ-нің тәрбиенушілері қатысты. Іс-шара қатысушылары ұлттық валютаның пайда болу тарихымен, Қазақстан Республикасы аймағында ұлттық валютаны енгізу барысының негізгі себептері мен қиындықтарымен таныс болды. Ұлттық валютаның дизайны өзгергені, монета сарайының, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің баспа фабрикасының жетістіктері жайында деректі фильм көрсетілді. Өткен ғасырдың 1990-шы жылдарының бейнематериалдары мен кинохроникалары қолданылды.