Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Тоғжан Оспанованың таңғажайып әлемі. 2017

 3 наурызда музей-қорықтың М.Горький көшесіндегі 59 ғимаратында орналасқан «Алтай» галереясында суретші Тоғхан Оспанованың «Әйел көзқарасы» атты дербес көрмесінің ашылуы болып өтті.

Ол картиналардың ішінде лирикалық пейзаждар, аңсауға толы зсселер, толыққанды натюрморттар, суретті-портреттер мен әдемілік пен тамаша көңіл күйден сыр шертетін гүлдер тоғысқан. Аталған экспозиция ең  әсем мерекелердің бірі Халықаралық әйелдер күні –  8 наурызға арналып, 50-ге тарта талантты да дарынды жерлес әйелдердің болмысын арқау етеді.

Сонау бір жылдары Қарағандының көркемсурет мектебін тәмамдаған Тоғжан Оспанова сол уақыттан бері өз өмірін кескіндемесіз  елестетіп көрген емес. Солай бола тұра ол өзінің дербес көрмесін өткізуге енді ғана бел шеше кіріскен екен.

- Жалпы, әйел суретшілер айналасындағы әлемге нәзік һәм ерекше сезімге толы жүрекпен қарайды. Әр дүниесіне поэтикалық және тұмса нақтылықпен қарау, жалт етіп, жоқ болатын ғажайыптарды көңіл көзінде ұстап қалып, ұзақ уақыт өзгелердің көз қуанышына айналдыра алу, яғни, бір сәттіктен мәңгілік туынды жасау нағыз суретшінің ғана қолынан келсе  керек. Сол нағыз суретші – Тоғжан Оспанова, - деп ерекше атап өтті музей-қорық директорының орынбасары Тамара Быкова.

Орайы келгенде суретші мен музей-қорық арасында көп уақыттан бері нағыз достық орнағанын айта кеткен жөн. Бір кездері дәл осы қабырғаларда оның картиналарының беташар көрсетілімі (дебюті) өткен болатын.

Әдемілікті пір тұтатын әрбір жанды Тоғжан Оспанованың ғажайыптар әлеміне шақырамыз!

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.