Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Кашаку Гүлжан – музей-қорығының ғылыми қызметкері – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты, мәдениет пен өнер саласындағы үздік жобасы үшін өткен конкурстың «Музей ісі» номинациясы бойынша жеңімпазы. 2017

2017 жылғы 3 наурызда жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Елбасы Қоры Сыйлығы 2008 жылы бекітілген. Осы уақыт аралығында 160-тан астам қазақстандық Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты атағын алыпты.

Биылғы жылы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер саласындағы үздік жоба конкурсына 127 үміткер қатысты. Музей-қорықтан сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлжан Кашаку «Шығыс Қазақстан облысы ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасының музей-қорықта зерттелуі мен насихатталуы» тақырыбындағы жобасымен қатысты.

Конкурстық комиссияның шешімімен марапатталған 18 адамның қатарында Гүлжан Кашаку «Музей ісі» номинация бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты болып танылды.

Жеңімпаздар қатарында «Астана Операның» маңдай алды әншісі Талғат Мұсабаев пен балет бишісі Мадина Басбаева, жас талантты эстрада әншісі Димаш Құдайберген және т.б. бар.

 

 http://presidentfoundation.kz/?p=4819