Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Экскурсиялар мен әсерлер жазы. 2017

1 мамыр күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешені салтанатты түрде ашылады.

 Оның көрме павильондарына келген қалалықтарды Тагил табақтары, жерлесіміз Глеб Болботовтың фотосурет жұмыстары, сондай-ақ, М.Әуезовтың 120 жылдығы мен Ә.Найманбаевтың 150 жылдығына арналған көрмелер күтіп тұр. Жалпы, бұл күні аталған кешенді бетке алған жандарға Ақбауырдың құпия сырлары ашылып, «Омарта шаруашылығы» павильонында тәтті кәсіптің тарихы таныстырылады. Ауыспалы экспозициялар Шығыс Қазақстанның барлық берекелі тірлігін паш ететін болады.

Әсіресе, кеңестік кезеңнің ескерткіштер аллеясы ерекше. Мұндағы монументтер әр кездері облысымыздың қалаларынан әкелініп қойылған. Ал классикалық музыка аллеясында Қазақстанның, Ресей мен Еуропаның  белгілі композиторларының кеуде мүсіндері менмұндалайды. Бұл аллея  небір музыкалық ұжымдар мен жеке орындаушылардың өнеріне орын берілетін алаңмен аяқталады. Әскери техникалар аллеясы «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандар» атты Жеңіс павильонымен тәмамдалады. Ол павильон Кеңес Одағының 109 Батыры мен Ауған соғысына және Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға арналған экспозициялардың мәнін аша түседі.

 Ең әдемі ландшафттық стильдердің бірі террас бағы болып саналады. Оның келбеті тұп-тура жергілікті жердің рельефіне орайластырылған. Ол жердегі өсімдіктер бейімдігі мен бағыттарына қарай орналастырылған. Терең және жарлауытты рельеф тіпті, барлық композицияларды аяқтайтын жаздық концерт залын жасауға мүмкіндік береді.

 Ботаникалық зонаны жасаушылар өсімдіктердің климатқа бейімделу ерекшеліктерін ескере отырып, ботаникалық түсінікті сіңіруге тырысқан. Экспозициялық-қыдырыстау эонасына дендрарий, жаз бойы гүлдейтін өсімдіктер коллекциясынан тұратын гүлдер композицияларының телімдері енеді.

 

Жапон стиліндегі кескіндеме бағы концентрациялау мен өзін-өзі толықтыруға бағытталған. Ал ислам стиліндегі бақ болса, Шығыстың жұмбақтары мен сиқырлы сұлулығын жеткізеді.

 Музей-қорықтың солжағалық кешенінің өзіндік әсемдігі мен сан түрлілігі оған келушілерді еш жалықтырмайды. Кешен аумағында зообақ, этнографиялық кешен, кайық бекеті мен балалар қалашығы және басқа да көптеген орындар бар.

 Солжағалық кешенге көлікпен жетуге болады. Мешіт немесе  «Арзан» супермаркеті жағынан кіруге, одан соң арнаулы көрсеткіш-белгілер арқылы саябаққа дейін жетуге болады. Немесе №№53, 55 бағытындағы автобустармен «Арзан» аялдамасына дейін жету керек. Сондай-ақ, №№17А, 24, 26, 46, 246, 60, 260, 261, 262, 43, 43А, 33, 33А, 250 бағыттарында жүретін қоғамдық көліктермен «Мешіт» аялдамасына дейін келуге болады.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі.