Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Алғашқы қымыз мерекесі. 2017

11 мамыр күні Шығыс Қазақстан  облыстық  сәулет-этнографиялық  және табиғи-ландшафттық  музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі алаңда тұңғыш рет  «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді.

Шараға Сағыр ауылының, Қасым Қайсенов кентінің (ЖК «Жексембинов Б.Б.») фермерлік шаруашылықтарының, сондай-ақ, Катонқарағай ауданындағы Қайырғазы Мейірбаевтың шаруа қожалығының өкілдері қатысады деп күтілуде. Мерекені ұйымдастырушы –  «Жібек жолы» ғылыми-зерттеу бөлімі.

Солжағалық кешен қонақтарын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шабыт» жастар театры мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицей-интернаттың оқушыларынан тұратын  шығармашылық ұжымдар қарсы алады. Ондағы артистер, музыканттар мен әнші-бишілер көрерменді нағыз театрландырылған шоуға бөлейтін болады. Ал шараға облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері құрметті қонақ болмақ.

Ежелден кең даланы жайлаған халықтың жазы қымыз сауумен басталатын болған. Ол туған-туыс пен дос-жаранды, сондай-ақ, құдайы көршілерді шақырып, басын қосатын үлкен мереке болып өткен. Бұл күнгі «Қымызмұрындық» әрбір келуші қымыздың дәмін татып қана қоятын көрме-жәрмеңке емес, қазақтың осынау ұлттық сусынының тарихымен де таныс болуға мүмкіндік беретін танымдық шара да болып өтпек. Мерекені алғаш  өткізіп отырған ұйымдастырушылар жергілікті жылқы өсірушілердің әр түрлі қымызынан ауыз тиген қалалықтар алдағы уақытта да аталған сусынға ерекше құрмет көрсететініне сенімді.

Сіздерді 11 мамыр күні сағат 11.00-де Сол жағалаудағы этноауылдың Үлкен киіз үйі жанындағы бас алаңда тұңғыш рет өтетін «Қымызмұрындық», мерекесіне шақырамыз.

                                                 

                                                    Музей-қорықтың баспасөз қызметі.