Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Қымыз – ұлы дала халқының қастерлі сусыны. 2017

Фото Алексея МазницынаФото Алексея Мазницына

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі этноауылда тұңғыш рет қазақ халқының ежелгі мерекесі «Қымызмұрындық» болып өтті.

Ұзақ қыс пен Наурыз мейрамының соңын ала келетін бұл шара  өскемендіктер үшін шынымен де алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі еді.  Айтты-айтпады, бұл күні қымыз мол болды.

 - «Қымызмұрындық» - ерте заманнан келе жатқан мереке, – дейді музей-қорықтың «Жібек жолы» бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Бекбердинова.   – Алайда, ол көп жыл бойы мерекеленбегендіктен, ұмытыла бастағаны рас. Бүгін сол дәстүр жаңғырмақ.

Фото Алексея МазницынаФото Алексея Мазницына

Мерекені ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, әуелде облыстың  қымыз өндірушілері арасында конкурс өткізу жоспарланған екен. Өкінішке орай, олардың көбі келе алмай қалғанға ұқсайды. Дәстүр бойынша мұндай мереке бие құлындай салысымен өткізілуі тиіс. Оның алғашқы сүтінен, яғни, алғашқы  саумалынан барлық адамдарға ауыз тигізген.

Тұңғыш қымыз  мерекесі барысында көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендерге С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шабыт» жастар театрының өкілдері театрландырылған көрініс көрсетсе, «Ақ ниет» әншілер ансамблінің  өкілдері мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаттың өнерпаз оқушылары ән мен биден шашу шашты. Жалпы, мерекеге жиналғандардың қатарында құрметті ақсақалдар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғам өкілдері, студенттер мен оқушылар болды.

 Мерекені ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл күнгі «Қымызмұрындық» қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін паш ететін  ЭКСПО-2017 көрмесіне талпынысты үлес болып, әртүрлі халықтар   мәдениетінің танымал бола түсуіне жол ашпақ.

 

 

 

                                                      Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 Суретті түсірген Алексей Мазницын.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

Фото Алексея МазницынаФото Алексея МазницынаФото Сергея Сурова