Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Естелік вахтасы. 2017

Фото Сергея СуроваФото Сергея СуроваШығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында «Сол бір жылдарға тағзым етеміз!» атты естеліктер вахтасын өткізу дәстүрге айналған.

Музей-қорық қызметкерлері 4-5 мамыр күндері «Русская песня» ансамблімен бірге Глубокое ауданының селоларын аралады. Опытное поле орта мектебінің директоры Галина Викторовна Шатурная «Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастырды. Прапорщиково селосындағы жиналған қауым алдында ардагер, тыл еңбеккері Мария Григорьевна Грохотова сөз сөйледі. Ал Кожохово селосының тұрғындарына жаңадан тұрғызылған Женіс обелискісі жанындағы  Даңқ аллеясына отырғызу үшін жас өскін шыршалар сыйға тартылды. Ол 2016 жылы аталған село жұртшылығының қаражатына  тұрғызылған болатын. Жаңа обелиск Кожохово орта мектебінің директоры  Майра Ахметқызы Жакетова мен село әкімі Рауан Жәмпейісовтың атсалысуымен бой көтерген-ді. Сондай-ақ, Прапорщиково, Уварово, Глубокое, Предгорное селоларындағы обелискілердің жанында митинг  ұйымдастырылды. Митингіге жиналғандар алдында ардагерлер, тыл еңбеккерлері және әкімдер – В.А. Леонтьев пен А.А. Коротков сөз саптады. Ол шаралардың барлығы «Русская песня» ансамблінің мерекелік концертіне ұласты.

Этнографиялық музей-қорық қызметкерлері «Сол бір жылдарға тағзым етеміз!» атты естеліктер вахтасын өткізуге атсалысқан барлық ардагерлерге, әкімдерге, село тұрғындары мен оқушыларға алғыс айтады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

Фото Сергея СуроваФото Сергея СуроваФото Сергея СуроваФото Сергея СуроваФото Сергея СуроваФото Сергея Сурова