Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Астана – болашақтың қаласы. 2017

Фото Сергея Сурова            -в рамках празднования Дня Астаны, виртуальную интерактивную экскурсиюФото Сергея Сурова            -в рамках празднования Дня Астаны, виртуальную интерактивную экскурсию

3 шілде күні Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Астана күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның астанасы туралы бейнефильмдер көрсете отырып, виртуалды-интерактивті экскурсия өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар кішкентай жеткіншектермен бірге еліміздің бас қаласы –  Астанаға таңғажайып саяхатқа аттанды.

Музей-қорықтың «Орыс музейі – виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығының маманы Анастасия Григорьева жас келушілерге Астананың қандай қала екені туралы әңгімелеп берді.

– 6 шілдеде Қазақстан халқы астанамыздың туған күнін тойлайды, – деді ол. – Астана – ХХІ ғасырдың қаласы. Қазақстан тәуелсіздігі жылдары онда күмбезі көк тіреген ғимараттар мен заманауи саябақтар, скверлер, адам көзін қарықтыратын субұрқақтар мен әдемі ескерткіштер пайда болды. Ал қаланың символы Бәйтерек монументі халықтың мызғымастығын паш еткендей, тамырын жерден алып, самғау биік көкке қол созып тұр. Қала күн өткен сайын көрікті болуы үшін оны көгалдандыруға ерекше ден қойылады. Ал түн жамылғысын жамыла бастаған шақта бүкіл шаһар жарқыраған шамдардың нұрына малынады.

Әңгімелесу негізінен ойын түрінде өтті. Балаларға «Менің астанам – Астана» атты викторинаға қатысып, ол жайлы мол ақпаратқа қанығуға  мүмкіндік жасалды. Балалар барлық сұрақтарға белсене жауап беріп,  жұмбақтарды ерекше қызығушылықпен, шат көңілмен шешті.

Фото Сергея Сурова            -в рамках празднования Дня Астаны, виртуальную интерактивную экскурсию

Ақпараттық-ағартушылық орталығының меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның сөзіне қарағанда, аталған іс-шара жеткіншектер бойына адамгершілік-патриоттық тәрбие негіздерін сіңіре отырып, оларды отансүйгіштікке баулуға бағытталған. Музей-қорықта ол мақсаттарды жүзеге асыру  турасында үнемі Қазақстан қалаларын, көрікті орындары  мен мәдени нысандарын білуге ұмтылдыратын сан қилы интерактивті диалогтар өткізіліп тұрады. Соның жарқын бір дәлелі Астанаға арналған осы бір іс-шара деуге болады.

 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.