Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Гүлгүл жайнаған көңіл-күй. 2017

Фестиваль цветовЖыл сайын Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге орайластырылып жүрген гүл фестивалі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Жастар» саябағында 30 тамызда өткізіледі.

 Жыл сайынғы көрме-сатылым «Жастар» саябағының орталық алаңында сағат 10-да басталады. Гүл өсірумен әуестенетін қалалықтардың назарына үйде өсетін әдемі өсімдіктер мен көшеде өсірілетін гүлдер ұсынылмақ. Фестивальге келушілерді гүлдердің көрме-сатылымы, жеміс беретін ағаштар мен бұталардың көшеттері, оларға қоса жүретін тауарлардың көрме-сатылымы, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі күтіп тұр.

 Гүл өсірушілер бақытгүлдерді, құртқашашты, шегіргүлді және басқа да өсімдіктерді егу және оларды күту жөнінде кеңес береді. Бұл жерде өскемендіктер гүлдердің, пиязтектілер мен көкөністердің тұқымдарын сатып ала алады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі