Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Шығыс Қазақстан татарларының мәдениеті» кітабының тұсаукесері. 2017

Презентация книги-фото Сергея СуроваПрезентация книги-фото Сергея Сурова

Музей-қорықтың көрме залында «Шығыс Қазақстан татарларының мәдениеті» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітап авторы – музейдің ШҚО халқы мен аз санды этнотоптардың этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құмарова. Кітапқа татар халқының материалдық және рухани мәдениеті арқау болған. Оған негізінен облыстық музей-қорықтың қор коллекциясынан алынған материалдар енген. Автор сондай-ақ, өз туындысында облыс аудандарына барған сапарларында алған деректерді де лайықты пайдалана алған.

Кітаптың І бөлімінде татар халқының  тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жайлы айтылса, ІІ бөлімінде Зайсан қаласының тарихы, ондағы татар мешіті мен медресесі турасында әңгімеленеді. Ал ІІІ бөлімінде   өскемендік татарлар жайлы сөз сапталады. Кітап Өскемендегі «Шығыс-Полиграф» баспаханасында басылып шыққан.

Салтанат барысында кітап авторын елеулі еңбегімен құттықтаған музей-қорық директорының бірінші орынбасары Әлия Мүтәлімова аталған жинақты оқып шыққан әр адам одан татар халқының өткені мен бүгіні жайлы  көптеген соны да қызықты деректер алатынын атап көрсетті.

Тұсаукесер рәсіміне облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығындағы «Шығыс Қазақстан татарларының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері де қатысты. Кітап авторы Бақыт Құмарова аталған бірлестік мүшелерінің ауызша айтқан әңгімелерін де жадында берік сақтап, шығармаларына арқау еткен екен. Жалпы, аталған бірлестіктің  қалыптасуы, музей-қорықпен қоянқолтық істелген жұмыстар жайлы сөз саптаған бірлестік меңгерушісінің орынбасары Роза Цис ерекше мәнді әңгіме өрбітті.

Тұсаукесер соңында «Сарман» татар ансамблінің орындауында көптеген татар әндері тамылжыды.

         

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

Презентация книги-фото Сергея СуроваПрезентация книги-фото Сергея СуроваПрезентация книги-фото Сергея СуроваПрезентация книги-фото Сергея Сурова