Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы. 2017

Быт русских крестьян старообрядцев на Рудном АлтаеБыт русских крестьян старообрядцев на Рудном Алтае

2017 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің «№103 шипажайлық балабақша-бөбекхана» МКМ-інде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері «Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы» тақырыбында театрландырылған этнографиялық көрініс өткізді.

Іс-шараға Емеля мен Марья-ісмер киіміндегі екі ертегілік кейіпкер қатысты. Этнографиялық  материал балаларға түсінікті болу үшін оны ойын үлгісінде өткізу қажет болды.

Ертегі кейіпкерлерімен кездесу көңілді де қызықты өтті. Шаруалардың тұрмысы жайында, туған өлкеміз – Шығыс Қазақстанның тарихы туралы әңгімені балалар барлық ынталарымен тыңдап, әңгіме барысында сұрақтар қойды, Марья-ісмердің  жасырған жұмбақтарына жауаптар тауып, Емелямен бірге пеш туралы мәтелдер мен жаңылпаштар үйренді, іс-шара кезінде көрсетілген рушниктерді, белбеулерді, фотосуреттерді тамашалап, тіпті Емелямен және Марья-ісмермен бірге халықтық қимыл-қозғалыс ойындар ойнады.

Орыс бөлімі өткізіп жүрген іс-шаралар балалардың бойында өлкеміздің тарихына және мәдениетіне деген қызығушылықты оятуға бағытталып жүреді.

  

Быт русских крестьян старообрядцев на Рудном Алтае 

1) Орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері жәдігерлерді көрсетіп тұр

 

 

 Быт русских крестьян старообрядцев на Рудном Алтае

2)  Марья-ісмер «Аққулар-қаздар» ойынын өткізуде


 

 

Быт русских крестьян старообрядцев на Рудном Алтае 

3) Фома атай туралы өтірік ән музыкалы-шулы аспаптың сүйемелдеуімен орындалуда.