Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Ольга Сагачеваның қиял әлемі. 2018

Рухани жаңғыруВыставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»

Музей-қорықта «Ольга Сагачеваның қиял әлемі» атты көрме ашылды.

Ольга Геннадьевна Сагачева Өскемен қаласында дүниеге келген.

Балалардың көркемөнер мектебінде (дарынды суретші Феликс Бадажковтың сыныбында) оқыған. Нижний Тагилдағы Урал қолданбалы өнер училищесін бітірген ол суретші-безендіруші мамандығына ие болды.

1993 жылдан бері ҚР Ұлттық банкінің Қазақстан ақша сарайында суретші–эмальер болып істейді. Ол жыл сайын музейдің көркемөнер көрмелеріне қатыса жүріп  облыстық музей-қорығымен тығыз ынтымақтастық орнатты.

«Ольга Сагачеваның қиял әлемі» атты дербес көрмеге  суретшінің 50 туындысы қойылған. Онда суретшінің әр уақытта орындаған еңбектері назарға ұсынылған. Көрмеден графика (тушь пен қалам техникасында), батик (матаға өрнек түсіру) техникасында орындаған туындыларды, жүгері сабанынан жасалған панноларды, ерекше зергерлік әшекейлерді тамашалауға болады. Оның көптеген станоктік  туындыларының негізіне француз классикасынан әдеби сюжеттер алынған.

Сагачеваның өткен замандар символикасы, аллегориялар, әдеби кейіпкерлер бейнеленген шығармашылығы көрерменге таңғажайып әлемге тап болғандай әсер қалдырады.

Оның туындыларынан жоғары  кәсібиліктің, қиял  мен көркемөнерлік нәзік талғамның иісі аңқиды.

 

Пресс-служба музея-заповедника

                                                                    Фото Алексея Мазницына


Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»Выставка «Мир фантазии Ольги Сагачёвой»