Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Оқушыларға арналған Масленица. 2018

Рухани жаңғыруМасленица для школьниковМузей-қорықтың орыс этнографиясы және экспозициялық-көрмелік жұмыстар бөлімдерінің атсалысуымен облыс орталығы мен оған жақын маңда орналасқан елді мекендердегі мектептердің төменгі сынып оқушылары Русь жерінде Масленица қалай өткендігі туралы хабардар болды.

 Ескіславяндық Масленица мерекесі көктемгі  күн мен түннің теңесуіне орайластырылып, күннің түннен озып шыққандығын дәлелдей отырып, он төрт күн бойы атап өтілген. Бірақ, христиандықтың қабылдануымен бірге оны мерекелеу шіркеулік күнтізбеге бекітіліп, күні бойынша Сырлы жеті күнге (седьмицаға) сәйкес келеді. Биылғы жылы Масленица ақпанның 12-нен басталып, 18-інде аяқталады. Мектептерден келіп түскен өтінімдердің өте көп болуына байланысты музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі театрландырылған қойылым 1 ақпаннан бастау алды. Аталған мерекелер басты ұстанымы Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени мұрасын сақтау болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуде.

- Біз өңір аймақтарын аралаған кезде тұрғындардан осы бір мерекенің  өтуі барысында болатын көптеген ойындар туралы жазып алдық, – дейді орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев. – Енді олармен этноауылдағы мерекеге келген адамдарды таныстырамыз. Солайша балалар  ертеректегі орыс деревняларында Масленицаның қалай өткенінен хабардар болады.

Көңілді қойылымдар  мұзды қалашық аумағында өтуде. Оқушыларға масленицалық аптаның әр күні қалай аталатыны жайлы әңгімеленеді. Балалар арқан тарту жарысына қатысып, шырмауық-жол арқылы өтеді, Масленицаның қарақшы-тұлыбы айналасындағы хороводқа қатысады. Ал мереке соңында қалыптасқан ғұрып бойынша қарақшы-тұлыпты  өртейді.  Қалай болғанда да Масленица оның ең басты ерекшелігінсіз – құймақсыз болмайтыны белгілі. Музей қызметкерлері барлық келушілерге одан ауыз тигізеді.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

Масленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьниковМасленица для школьников