Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Төлеу Көбдіковтің өмірі мен шығармашылығы (қор топтамасы негізінде). 2018

Рухани жанғыру2018 жылғы 10 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шар қаласындағы Т.Көбдіков атындағы орта мектепте «Алмас тіл асыл сөзден нақыс салып» тақырыбында мектепттік конференция өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің ұрпақтары, абайтанушы А.Қ. Омаров, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің қызметкерлері.

Іс-шара ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша  сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің меңгерушісі Кашаку Г. және бөлімнің кіші ғылыми қызметкері Карчалова А.М. «Төлеу Көбдіковтің өмірі мен шығармашылығы (қор топтамасы негізінде)» атты жылжымалы көрмемен қатысты. Іс-шараға қатысушыларға «Кеш келдім дүниеге ерте туып (Т.Көбдіков туралы)» тақырыбында лекция оқылды. 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Жарма аудандық білім бөлімі және Шар қаласының Т.Көбдіков атындағы орта мектебі.

Іс-шараға қатысушылар: Сұлусары ауылының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі, Қалбатау ауылының Маяковский атындағы орта мектебі, Бақыршық орта мектебі, Бірлік және Үкілі ауылдарының мектептері.