Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Терезедегі жарық» (фонарьлар мен лампалар). 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 4 мамырда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев ШҚО, Ұлан ауданы, Украинка ауылындағы «Украинка орта мектеп-балабақшасы» КММ-да «Терезедегі жарық» (фонарьлар мен лампалар) атты көшпелі көрме өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамасынан алынған керосин лампалар, керосин және шырағдандық фонарьлар тақырыбындағы жәдігерлер қойылды. Көрме Ұлан ауданында - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Мектеп музейі – халық тарихының, әдет-ғұрпының және мәдениетінің паш етілуі»: сырттай сапарлау семинарының бір бөлігі болды.

Көрмеге сексен адам келді. Олар: семинарға қатысушылар мен өткен ғасырдың материалдық мәдениеті жөніндегі жаңалықтарға құмартқан мектеп оқушылары.  Олардың барлығы да аталған іс-шара жайында жақсы пікір білдірді.