Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Орыс сүлгілеріндегі архаикалық символдар. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 4 мамырда этнолог Мария Ковалёва «Украинка орта мектеп-балабақшасы» КММ-да «Орыс сүлгілеріндегі Әлем картиналары» атты тартымды әрі танымдық көшпелі көрме өткізді. Аталған көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Мектеп музейі – халық тарихының, әдет-ғұрпының және мәдениетінің паш етілуі» атты семинар шеңберінде өтті. Көрмеге музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған 20 жәдігер қойылып, слайд-шоу жасалды, сондай-ақ, тақырыптар бойынша фотосуреттер көрсетілді. Көрме тек архаикалық деп аталатын, қолмен салынған өрнектердің мән-мағынасын ғана емес, бір кездері ШҚО жерінде тұрған кержақ-әйелдердің ісмерлігін де паш етеді. Мәселен, атақты кеңестік және ресейлік этнограф және өнертанушы Светлана Васильевна Жарникова (1945-2015 жылдары өмір сүрген) аталған символдардың қаншалықты мәнге ие екендігін өз еңбектерінде атап өткен.

Көрмеге сексен адам келді. Олардың арасында Ұлан аудандық білім бөлімінен Г. Мұхамадиева, «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-дан А. Әбдірахманова, мектеп мұғалімдері мен жеткіншек ұрпақ өкілдері болды. М.В. Ковалёваға мәдениетті сақтағаны үшін алғыс жарияланып, қатысушы сертификаты тапсырылды.