Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Халықаралық «Менің орыс музейім» конкурсындағы жеңіс. 2018

Рухани жанғыру

Русский музей: виртуальный филиалМультимедиалық ресурстардың «Менің Орыс музейім»  атты VII халықаралық   конкурсында Семей қаласының оқушы қызы музей-қорықтың «Орыс музейі: виртуалды филиал» ақпараттық-білім орталығының қолдауымен 3-ші орынға ие болды.

Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейі  өткізген конкурс осы музейдің ашылғанына 120 жыл толуына орайластырылған болатын. Бұл мерейтой биыл атап өтілген еді. Сондай-ақ конкурс «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты халықаралық ағартушылық жобаның 15 жылдығына да арналды.  Оған қатысуға балалар да, ересектер де, яғни Орыс музейі виртуалдық филиалдарының қызметкерлері  мен келушілері шақырылды.

Конкурсқа  қатысқан Семей қаласының үш тілде оқытатын Шәкәрім атындағы  облыстық мамандандырылған мектебінің оқушысы Құралай Оңдасынова «14-18 жасар оқушылар (жеке жұмыс)» номинациясында 3-орынға ие болды. Оның жобасына ақпараттық-білім орталығының жетекшісі Шынар Кәрібаева басшылық жасады. Орталық оқушының  «Сұлулық, шабыт, қуаныш және құпия…» деп аталатын жұмысының тұсаукесерін өткізуге, оған аннотация әзірлеуге, безендіруге жанжақты көмек көрсетті.

Мультимедиалық ресурстардың «Менің Орыс музейім»  атты VII халықаралық   конкурсына қатысқандары үшін Семей қаласындағы № 29 және Өскемен қаласындағы № 43  орта мектептердің оқушылары Асанәлі Ақжанов пен Сәбина Жанкебаева «11-13 жасар оқушылар» номинациясында және облыс орталығының № 44  ОМ оқушысы Шыңғыс Сайранхан «14-18 жасар оқушылар» номинациясында дипломдармен марапатталды. Семейдегі  туристік фирманың директоры Майра Сырбаева Алғыс қағаз алды.

Музей-қорықтағы  ақпараттық-білім орталығының, сондай-ақ оның жетекшісі Шынар Кәрібаеаның қызметі де Алғыс қағазбен атап өтілді. Музей-қорық сыйлыққа мультимедиа дискілер алды, олар Орыс музейі туралы қолда бар виртуалды  коллекцияны толықтыра түсті.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото Сергей Суровтікі

 

 

Русский музей: виртуальный филиалРусский музей: виртуальный филиалРусский музей: виртуальный филиалРусский музей: виртуальный филиал