Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Қымызмұрындық. 2018

Рухани жанғыру

Ночь в музее2018 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет- этнографиялық табиғи- ландшафттық музей- қорығының «Жібек жолы» ғылыми- зерттеу экспозициясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шырайлы Шығысымның Өскемен қаласының «Жастар» саябағында дүбірлі «Қымызмұрындық» іс- шарасы өткізілді. Қымызмұрындық осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр және де алдағы уақытта да алғаш бие сауыла бастағанда өткізіліп отырады. Құлын байлау, үйірге тұяғы іліккен жас малға ен салу мен саумал ішу мерекесі қазақта ғана бар. Сондықтан қымызмұрындық ұлттық-мәдени құндылық ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне тіркелмек.

Бабамыз Ақтанберді жырау:

Арудан асқан жар бар ма,

Жылқыдан асқан мал бар ма

Биенің сүті сары бал

Қымыздан асқан дәм бар ма? деп жырлағандай осыдан бірнеше ғасырлар бұрын, қанатына күміс нұр көктем саулап өтіп, жадырап жасыл жаз келгенде бие байланып, саба- саба қымыз жиналып, ел жұрт бір бірінің амандығын тілеп, көрші- қолаң, ағайын- жұртты қымызмұрындық тойына шақыратын. «Алғашқы қымыз көпке бұйырсын» - деген тілекпен мол дастархан жайып, ақсақалдардан «хан бата» алған.

Қазақ халқы ертеден жылқы баққан

Қолға алғаш үйретіп ноқта таққан

Жүйріктерін ішінен таңдап мініп

Сын сағатта ерлері жауға шапқан

Биені еппен сауып, күбі піскен, 

Қымыз ішіп дерт көрмей, батыр өскен. 

Саумал ішкен сырқаттың көзі ашылып, 

Бала-шаға қуанып ойнап кеткен. 

Бал шырын қымыз жанға дауа, дертке шипа дегендей қымызмұрындық мерекесіне жиналған барлық қонақтар музей ұсынысы бойынша кешкі 1600-1900 уақыт аралығында «Алтын сандық» ұлттық тағамдар сауда белгісі қымыз өнімінен дәм татса, 1900-2100 аралығында Ұлан ауданы Сағыр ауылының шаруа қожалығының қымыз өнімін алды. Келушілер  «Музей түні» іс - шарасындағы концерттік бағдарламамызды тамашалап, ұйымдастырылған викториналарға қатысып, музей ұйымдастырған кез келген ақылы мерекелік іс-шара мен көрмеге тегін кіруіне рұқсат беретін абономенттерге ие болды.

Қазақ халқында дәстүрлі қонақжайлылық қасиеті ежелден тән. Жалпы алғанда, қазақ халқы осы уақытқа дейін жылы жүзімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлық қасиетімен таң қалдырған. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиеттердің бірі. Осы іс-шарамызды қолдап келген қонақтарымыз қалалық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің «Ажарым» ансамбіліне,  мұсылман әйелдері қоғамдық бірлестігінің «Ақниет» ансамбліне,  «Атамұра» ансамбліне, Өскемен қаласы әкімдігінің «№16 орта мектебі» КММ, «Мұрагер» домбыра оркестріне, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің  «Ерке» қобызшылар оркестріне, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына, Өскемен қаласы әкімдігінің «№24  балалар  өнер мектебіне» КММ, Өскемен қаласы әкімдігінің  «Балалар шығармашылық үйіне» және де шырайлы шығысымның «Алтын сандық» сауда маркасымен ұлттық тағамдарды насихатаушы  кәсіпорынды осы іс-шараға ізгі ниетпен ат салысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.

«Қымызмұрындық» - қазақ халқының ата дәстүрі, көне әдет-ғұрпымызды жадымыздан шығармайық, ағайын!


Фото Алексея Мазницына

Ночь в музееНочь в музееНочь в музееНочь в музее