Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Халықаралық Балаларды қорғау күні. 2018

Рухани жанғыру

Отдых детей

1 маусымда музей-қорықтың Солжағалық кешеніне Халықаралық Балаларды қорғау күнін атап өту үшін әр жастағы балалар келді.

Саябақта балалардың көңілді де, танымды демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Осы күннің көпке дейін есте сақталуы үшін  музей-қорықтың қызметкерлері Балалар қалашығында  доктор Айболит қатысқан театрландырылған көрсетілім қойды.  Сценарий бойынша   1-ші және 4-ші сынып оқушылары жоғалып кеткен күшікті табу үшін уақытша ізкесушіге айналды. Бұл үшін оларға күрделі тапсырма орындау қажет, яғни қиын сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жасырына білетіндігін көрсетулері, сондай-ақ ағаш керіктерді басқарып, тіпті бүршіктермен... атыса білулері тиіс болатын. 

Анастасия Егорова, Әмина Ерғазы, Тимур Кулаев, Даша Ефимцева және басқа да оқушылар барлық тапсырмаларды ойдағыдай оындай білді, бұл туралы олар көрсетілімнен кейін мақтанышпен жарыса айтты.  Солжағалық кешеннің әдістемешісі Ольга Савельева мен оның көмекшілері - музей саябағының қызметкерлері Надежда  Глушкова мен Тамара Мухинаның арқасында  көрсетілім көңілді де қызықты өтті. «Мереке балалардың жас айырмашылығына икемделген, - деді № 11 мектеп-лицей жанындағы лагерь директоры Наталья Жигулина. – Қызықты да танымды өтіп, ойын ойнаушылық сәттері де мол болды. Музей-қорыққа рахмет!»

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің ғылыми қызметкері Жадыра Рахатова  № 46 мектептің оқушылары үшін саябақ бойынша экскурсия жүргізді. Осыдан кейін оқушылар Балалар қалашығындағы алаңда мерекелік дискотекаға қатысты.

Дәл осы күні Солжағалық кешеннің бас сахнасында балалардың «Жеті керемет» атты  қалалық фестивалі ұйымдастырылды. Бағдарламаға – театрландырылған көрсетілім,  флэшмоб және «Жасанды қар» деген шоу енгізілді. 1 маусымда барлық жастағы балалар, соның ішінде оқушылар үшін саябаққа және оның алаңдарына (зообақ, этноауыл мен басқаларына) кіру тегін болды. Саябақта балмұздақ, тәттілер мен сусындар сатып алуға болатын киоскілер жұмыс істеп тұрды. 

- Мен ұлдарымның көңілді жүргендерін көріп қуанып тұрмын, - деді Өскемен қаласының тұрғыны Сәуле Дүсіпова, -  балалармен бірге мерекелеп, әрі демалуға болатын осындай кешеннің біздің қалада болғаны қандай керемет.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото Алексей Мазницындікі

 

Отдых детейОтдых детейОтдых детейОтдых детейОтдых детей