Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Астана - болашақтың қаласы. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылдың 15-18 маусымы аралығында  музей-қорықтағы ақпараттық білім беру бөлімінің мамандары Өскемен қаласының               №30 орта мектебінің  жасы кіші оқушыларына және «Мега интеллект» табыс Академиясының тыңдаушыларына арналған «Астана - болашақтың қаласы»  атты интерактивті экскурсия жүргізді.

Экскурсия барысында балалар  тәуелсіз Қазақстанның Елордасы Астана қаласының құрылу тарихымен танысты.  2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйек аралығында өткен «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған Көрмесі туралы айтылып, негізгі көрнекті орындарға саяхат жасалды. «Менің елордам - Астана» викторинасы жүргізілді. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Алтынай Жорабаеваның «Астана» әні пайдаланылды.