Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Үбі әуендері» фестиваліне қатысты. 2018

Рухани жанғыру

Риддер қаласының іргесінде орналасқан Поперечное селосында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрл «Үбі әуендері»  фестивалі болып өтті. Оған фестивальда Өскемен қаласы мен облыстың ауыл-селоларынан келген қолөнерші шеберлер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырған халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі қатысты.

-  Фестивальға облыс орталығының, Семей мен Зырян қалаларының шеберлері қатысты, – дейді бөлім меңгерушісі, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Райса Мұхамеджанова. – Сондай-ақ, Глубокое ауданы Гагарин, Шемонаиха ауданы Жаңа Баженов кенттерінің қолөнершілері  келді.

Сазбалшық пен қоғадан жасалған кәдесыйлар, қазақтың ұлттық үлгі-мәнерінде тігілген бұйымдар, жұмсақ ойыншықтар, қайың қабығы мен шпоннан  және киізден жасалған ойыншықтардан көз сүрінгендей еді. Ол жұмыстардың сан алуандығын айтып-жеткізу мүмкін емес. Қатысушылар  арасынан құрылғандарына биыл 10 жыл толып отырған облыс қолөнершілері ресурстық орталығының (ҚРО) шеберлері ерекше белсенділік танытты.  Бұлар: өскемендіктер Т.Владыкина, Г. Сейілханова, Ю. Проскурина, Ю. Костик, С. Лыкова, Р. Бобровская – Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі және семейлік А. Боқпасарова. ШҚО ҚРО-ның Семейдегі үйлестірушісі Айман Боқпасарова қазақтың қолданбалы өнері техникасында киізден жасаған өз жұмыстарын көрсетіп қана қойған жоқ, фестивальдің концерттік бағдарламасында ән де шырқады.

Астананың 20 жылдығына орайластырылып өткізілген «Үбі әуендері» фестивалінің барлық қатысушыларына ұлтаралық мәдени байланысты нығайтқаны, фольклорлық мұраларды жандандырғаны және кеңінен насихаттағаны үшін Риддер қаласы әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.