Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Менің Анам Фархинұр Мұхамедханова. Моя Мама Фархинур Мухамедханова». 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 29 тамызда Конституция және Отбасы күндеріне орай Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Менің Анам Фархинұр Мұхамедханова. Моя Мама Фархинур Мухамедханова» және «Ел тарихы адамдар тағдырында. История страны в судьбах людей» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шара әйгілі абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың жұбайы Фархинұр Мұхамедханованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Іс-шара Қайым Мұхамедханов пен Фархинұр Мұхамедханованың ескерткіштеріне гүл қойып, рухтарына тағзым етуден басталды. Ескерткіш алдында студенттер татар ақыны Ғ.Тоқайдың Қ.Мұхамедханов қазақ тіліне аударған өлеңдерінен және Қ.Мұхамедхановқа арналған өлеңдерден үзінділер оқылды.

Іс-шара барысында Қайым Мұхамедхановтың қызы, «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының директоры Дина Мұхамедхан, суретші Ғ.Макаров, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Сұлтанбеков, Мұхамедхановтар әулетінің достары, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері Ш.Сақыбаева, музей-қорықтың қызметкері Г.Кашаку және т.б. сөз алды.

Іс-шараға Қайым Мұхамедхановтың балалары мен туыстары, ғалымдар, абайтанушылар, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері,  Қазақстан халқы ассамблеясының татар мәдени орталығы мен облыстық кітапханалардың қызметкерлері, бұхаралық ақпарат құралдарының өкілдері және музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері Гүлжан Кашаку мен Әсел Карчалова қатысты.

Кітаптарды құрастырушы және тұсаукесерді ұйымдастырушы – «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры.

Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің қилы тағдырын баяндайтын «Ел тарихы адамдар тағдырында. История страны в судьбах людей» атты жинаққа музей-қорық қызметкерлерінің мақалалары кірген.