Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясындағы автокеруен

Облыстық білім беру, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметпік бағдарламалар салалары, облыстық мұражай-қорық қызметкерлерінің, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы артистерінің автокеруені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясында сапар шекті.

 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясында Өскемен қаласының мәдениет, денсаулық сақтау, сауда, әлеуметтік қызмет саласы қызметкерлерінің облыс аудандарын аралаған керуенінің құрамында мұражай-қорық қызметкерлері – Ә.Ә.Асыл, Н.Аманжолқызы, Ю.М.Ачинянц, автокөлік жүргізушісі А.Ахметов 2011 жылғы 10-13 қарашада Катонқарағай ауданында іс-сапармен болып, көрме ұйымдастырды.

Мұражай-қорықтың «Шығыс Қазақстан Еуразия кеңістігінде» атты жылжымалы фотокөрмесі Белқарағай, Жаңаүлгі, Шыңғыстай ауылдарының орта мектептері мен Белқарағай ауылының Мәдениет үйінде көрсетілді. Бұл жолы 15 экскурсия өткізіліп, 200 адамға қызмет көрсетілді.

Акцияға қатысушылар Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің Шыңғыстай ауылындағы мұражай-үйін тамашалады.