Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Ұйғырлар» атты жаңа бөлім ашылды

Мұражай-қорықтың «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозициясында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) ұйғыр халқының бірегей мәдениеті туралы сыр шертетін «Ұйғырлар» атты жаңа бөлім ашылды.

Экспозицияда ұйғыр әйелдерінің ұлттық киімі, музыкалық аспаптар – екі шекті дутар мен ысқылы бес шекті равап, ұйғыр суретшісі Хашимжан Құрбановтың қолынан шыққан сәнді бұйымдар  назарға ұсынылған.
Хашимжан Құрбанов – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, «Ильхам» сыйлығының иегері, ҚР-дың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан.