Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Масленица. 2012

26 ақпанда мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында халықтардың Достық Үйімен бірлескен Көктемді, Күнді қарсы алу және Қыспен қоштасу мерекесі – «Масленица» өткізілді. Іс-шараға орыс және славян орталықтарының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ актерлік және шығармашылық топтар тартылған «Кругозор» жастар бірлестігі қатысты. Мерекеге «Ақсай-Нан» ЖШС демеушілік етті. Ол дәм татқызуға арнап өз өнімін ұсынды.

Іс-шара түрліше киінгендердің (ряженыйлардың) шеруімен басталды, олар Орталық алаңға Масленица тұлыбын әкелді, сол жерде шерушілерді сайқымазақтар мен іс-шара жүргізушілер қарсы алып, қонақтарды «Масленица» мерекесін аптаның әр күні бойынша  өткізілетін дәстүрлермен таныстырды. Дүйсенбіде (бұл күн «Встреча» деп аталады) «Русская песня» мен «Вдохновение» ұжымдары халық әндерін орындады.

Сейсенбіде («Заигрышта») барлық қонақтар халықтық ойындарға қатысты: шанамен күн бойымен (сағат тілі бойынша) сырғанап отырып, барлығы этнодеревняның кіреберісіне жетті, ол жерде қонақтарды «Бастеньки» ансамблі қарсы алды және Сәрсенбімен («Лакомкамен») таныстырды, онда баршаны блиннен дәм татқызып, мәтелдер мен мысалдар конкурсы өткізілді.

Осыдан соң барлығы этнодеревняның Орталық алаңына шақырылып, қонақтар ол жерде Бейсенбіні («Разгуляйды») қарсы алды. Ол жерде хоровод, арқан тарту жарысы ұйымдастырылды, жастықтар шайқасы және басқа да халықтық ойындар өткізілді. «Прялица» балалар ұжымы қонақтарды Жұмаға («Тёщины вечёркиге») шақырды, онда салт-саналық әндер орындала отырып, әдет-ғұрыптар көрсетілді, көңілді әзіл ойындық – блиндер конкурстары өткізілді, бұл ретте блиндерді табаданмен қағып алу керек болатын.

Осыдан кейін қонақтар келесі алаңға шақырылып, онда «Золовкины посиделки» болды. Тұрмысқа шықпаған жас қыздар жігіттерге таныстырылды. Ортақ хороводта танысу рәсімі өтіп, ұнатқандық сезімдері білдірілді, жұптар құрылып, олармен сәйкестілікке қатысты конкурстар өткізілді.

Содан соң қонақтар «Жастар» этнобағының Орталық алаңына шақырылып, ол жерде Қыспен қоштасу, Масленицаның тұлыбын өртеу, Көктемді қарсы алу дәстүрлері өтті. Мерекеге қатысқан барлық ұжымдар «Кел, Көктем Ару» әнін шырқады.

Ең соңында барлық қатысушылар блиндері мол бай дастарханға шақырылды, өйткені дүйсенбіден бастап славяндарда Ұлы ораза басталады.