Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Наурыз мейрамы - № 3 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін. 2012

Мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан залында 2012 жылғы 20 наурызда  № 3 көпсалалы мектеп-гимназияның оқушылары үшін «Наурыз – жыл басы» атты мұражайлық іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беру, оның ерекшеліктерін айта отырып, жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың ақыл-ойын дамытып, дүниетанымын кеңейту.

Іс-шара барысында оқушылар ән шырқап, би биледі, ұлттық ойындар (арқан тартыс, теңге алу, қыз қуу, асық ату, күн мен түн және т.б.) ойнады, наурыз мерекесі тақырыбына арналған викторина жұмбақтарын шешті. Соңында наурыз мейрамының құрметіне дастархан жайылды.