Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Мұражай-қорықтағы ашық есіктер күні. 2012

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы өскемендіктер мен қала қонақтары үшін 2012 жылғы 6 сәуірде сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Ашық есіктер күнін» өткізеді. Тек осы күні ғана келушілер мұражайға тегін кіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл күні мұражай мынадай бағдарлама ұсынады:

 

Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы мұражай ғимараты

Шолу экскурсиялары:

- «Біз – Қазақстан халқымы» (Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениеті)

- «Христос нұрының ағартушылығы...». Орыстардың ХҮІІІ ғасыр – ХХ ғасыр басындағы Құтқарушы Христос икондары.

(Пасханы мерекелеуге арналады)

- «Алтай жерінің жыршылары». ХХ ғасырдағы жазушы-жерлестеріміздің мерейтойына орай

- «Көктем лебі». Шығыс Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының дәстүрлі көрмесі

Көпшілік іс-шаралар:

- Қоғадан бұйым тоқу жөніндегі шеберлік дәрісі

- Балаларға арналған «Экологиялық бағдаршам» атты театрландырылған қойылым

М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы мұражай ғимараты

Шолу экскурсиялары:

- «Жоғарғы Ертіс өңірі қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы этнографиялық мұрасы»

- «Орталық Азия соқпақтары бойынша». Николай мен Святослав Рерихтер шығармашылығының Халықаралық көрмесі (Мәскеу қаласы) Орталық Азия экспедициясының 85 жылдығына арналған

Қазақ және орыс тілдеріндегі лекциялар:

- «Киіз үй - әлем жаратылуының негізі»

- «Қазақтардың зергерлік бұйымдары»

- «Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салттары»

- «Көне мереке – Наурыз»

Головков көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимараты, Ақпараттық-Білім орталығы

Ауани экскурсиялар:

-         «Орыс мұражайының залдары бойынша»

-         «Берел қорғаны»

Экспозициялар бойынша шолу экскурсиялар:

- «Ленинград суретшілерінің ХХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы сәндік-қолданбалы өнері»

- Ұлы Отан соғысының суретші-ардагерлері»

Солжағалық мұражайлық кешен

- Шолу экскурсиясы, Зообақты аралау

- Этноауыл бойынша шолу экскурсиясы

Балалар қалашығының ойын алаңы

- «Денің сау болсын!» атты театрландырылған ойын бағдарламасы

Мұражай-қорықтың ғылыми кітапханасы

- Кітапхана қоры туралы ақпарат