Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Естелік вахтасы. 2018

Рухани жанғыру

Акция «Вахта Памяти»5 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің кезекті жылдығына арналған дәстүрлі «Естелік вахтасы» болып өтті. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкерлері осымен төртінші рет «Русская песня» халықтық ансамблімен бірлесіп, облыстың аудан орталықтары мен ауыл-селоларының жұртшылығы үшін бағдарламасына митингпен қатар соғыс жылдарындағы әндерден тұратын попурри және казактардың фольклорлық әндері енгізілген концерттер өткізді және Естеліктері бар елді мекендердегі соғысқа қатысқан  жерлестердің обелискілеріне, стеллалары мен ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, сонымен қатар ескерткіштердің жағдайын қарап, есепке алды.  Концерттік бағдарламаны ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің тақырыптық көрмесі толықтырды.

   

Ұлы Жеңіс мұрагерлері музей-қорықтың Солжағалық кешенінде ойын-квест өткізді. 2018

Рухани жанғыру

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында музей-қорықтың Бірыңғай әскери кешенінде қала мектептерінің оқушылары үшін халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне арналып «Біз –  Жеңіс мұрагерлеріміз» атты өлкелік ойын өткізілді.

 Оны Славский атындағы жағалауда орналасқан Орталық қалалық кітапхананың (ОҚК) қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Оған Өскеменнің 11 мектебі қатысты. «Бүгінгі балалар мен жасөспірімдер үшін 1941-1945 жылдардағы соғыс – тарих, - дейді ОҚК қызметкері Тамара  Львовна Саттарова. – Олар майдан даласындағы ұрыстар жайлы, жертөлелер мен траншеялар жайлы кинофильмдердегі қөріністер мен майдангерлердің әңгімелері арқылы ғана біледі. Біз осы бір ойын-квестті Солжағалық кешенде бекерден-бекер өткізіп отырған жоқпыз. Мұнда траншеялар да, нағыз әскери жорықтық асхана да, тіпті, ұрыстық қару-жарақ  та бар. Балаларға олардың Ұлы Отан соғысы мен оған қатысқан қазақстандықтар жайлы білімін тексеру мақсатында арнайы сұрақтар да дайындап келдік».

   

Соғыс жолдарымен. Ұлы отан соғысы майданындағы шығыс қазақстандықтар. 2018

Рухани жанғыру

на Левобережном комплексе в павильоне ВОВ

2018 жылдың 2 - 4 мамырында музей - қорықтың  ақпараттық білім беру бөлімі мамандарымен Солжағалық кешендегі ҰОС павильонында «Соғыс  жолдарымен. Ұлы отан соғысы майданындағы шығыс қазақстандықтар» атты экскурсия жүргізілді.

   

Орыс сүлгілеріндегі архаикалық символдар. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 4 мамырда этнолог Мария Ковалёва «Украинка орта мектеп-балабақшасы» КММ-да «Орыс сүлгілеріндегі Әлем картиналары» атты тартымды әрі танымдық көшпелі көрме өткізді. Аталған көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Мектеп музейі – халық тарихының, әдет-ғұрпының және мәдениетінің паш етілуі» атты семинар шеңберінде өтті. Көрмеге музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған 20 жәдігер қойылып, слайд-шоу жасалды, сондай-ақ, тақырыптар бойынша фотосуреттер көрсетілді. Көрме тек архаикалық деп аталатын, қолмен салынған өрнектердің мән-мағынасын ғана емес, бір кездері ШҚО жерінде тұрған кержақ-әйелдердің ісмерлігін де паш етеді. Мәселен, атақты кеңестік және ресейлік этнограф және өнертанушы Светлана Васильевна Жарникова (1945-2015 жылдары өмір сүрген) аталған символдардың қаншалықты мәнге ие екендігін өз еңбектерінде атап өткен.

   

Терезедегі жарық» (фонарьлар мен лампалар). 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 4 мамырда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев ШҚО, Ұлан ауданы, Украинка ауылындағы «Украинка орта мектеп-балабақшасы» КММ-да «Терезедегі жарық» (фонарьлар мен лампалар) атты көшпелі көрме өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамасынан алынған керосин лампалар, керосин және шырағдандық фонарьлар тақырыбындағы жәдігерлер қойылды. Көрме Ұлан ауданында - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Мектеп музейі – халық тарихының, әдет-ғұрпының және мәдениетінің паш етілуі»: сырттай сапарлау семинарының бір бөлігі болды.

   

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің Батыр күнін мерекелеуге арналған жәрмеңке-көрмесі. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 6 мамырда халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері М.А. Бемм «Жастар» бағында Өскемен қаласы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының Батыр күніне арналған жәрмеңке-көрмесін өткізді. Көрмеге ұзын-саны 10 шебер өз бұйымдарын ұсынды. Іс-шараны шамамен 50 шақты адам тамашалады.

   

Император сарайындағы заманауи Қытай мәдениеті. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 12 мамырда музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі «Жібек жолы» экспозициясының Император сарайында жаңа музей залы мен «Заманауи Қытай мәдениеті» атты фотосуреттер көрмесі  ашылады.

Қытай – бейне бір күндер ағысы, заманалар ауысымы, жаңа мен ескі  алмасып жатқан өрнекке ұқсайтын алып айна іспетті. Ал Қытай суретшілері  болса, нақ осындай құбылыстардың барлығын өз еңбектері арқылы жеткізуге тырысады. Ол  – Қытайдың мәдени өмірінде болып жатқан сан түрлі оқиғаларды, елдің өзгелерден бөлектеу ғимараттары мен пейзаждарын суреттер арқылы «сөйлеткен» авторлық жұмыстар.

   

Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі және шығармашылығы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде). 2018

Рухани жанғыру

Касым Кайсенов. Жизнь и творчество

2018 жылғы 4 мамырда А.С.Пушкин атындағы  Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырды.

 Іс-шара ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша  сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің қызметкерлері Кашаку Гүлжан және Карчалова Әсел «Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі және шығармашылығы (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде)» атты жылжымалы көрмемен қатысты.

   

Зообақ: жыл он екі ай бойы ғажаптар. 2018

В зоопарке музея-заповедникаВ зоопарке музея-заповедника

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі зообақта көктем-жаз кезеңі басталды.  Өткен жылдың соңынан бері бұл жерді мекендейтіндердің саны өскен. Бұл зообақ қызметкерлерінің жұмысын еселей түсіп отыр. Ал келушілерді соны әсерлер күтіп тұр.

 Музей-қорықтың зообағында 260-тан астам жануарлар мен құстар мекен етеді. Өткен жылдың соңына қарай олардың қатары тағы үш мекендеушімен толыққан болатын. Олар эообаққа сыйға тартылған үш жабайы мысық – каракал, сервал және олардың балалары – каравал. Олар қыстай карантинде болған-ды. Каракал деген сөз түріктің «kara kulak» деген сөзінен шыққан көрінеді. Оны аударғанда «қара құлақ» деген мағына береді, өйткені, ол мысықтардың құлағының арт жағы қара болып келеді. Оған қоса құлақтарында қара қылы бар. Сол себептен де көбіне кара құлақтарды «дала сілеусіндері» деп атайды. Сервалдың – «бұта мысығының» құлағында қылы болмайды және бүкіл терісін теңбіл басқан. Табиғатта мұндай мысықтар шөл далалар мен Африка саванналарында, Кіші және Орта Азияда, Араб жарты аралында   тіршілік етеді. Каракал да, сервал да жабайы табиғатта жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ал зообаққа келушілер осынау ерекше жануарларды өз көздерімен көре алады. Музей-қорықтың фотографына қаравал мен оның анасы сервалды суретке түсіріп алу бақыты бұйырған екен. Сондай-ақ, олармен қатар қоңыр аю мен маралдар, сілеусін, тауыстар да суретке түсіп қалды.

   

«Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» көрмесі. 2018

Рухани жанғыру

Портрет Шакарима. Художник Болат ИсинМузей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын және философ, ұлы Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған жаңа көрме ашылды.
Көрмеде Абайдың, Шәкәрімнің және абайтанушылардың еңбектері қойылды. Олардың қатарында қажырлы ізденісінің арқасында Шәкәрім есімін халқына қайтарған белгілі шәкәрімтанушы Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері де бар.

Сондай-ақ, көрмеде шығысқазақстандық филолог, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қабдылқайыр Құдайбергенов жас кезінде ел аузынан жазып алып, кейін орыс тіліне аударған Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы алғаш рет көрме төрінен орын тепті.
Сондай-ақ, көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.К. Исиннің Абай және Шәкәрім шығармаларының желісі бойынша салған кескіндемелік туындылары ерекше ажар берді. Ал оларды Шәкәрім дүниеге келген өлкенің бай табиғаты мен ақын шығармаларындағы кейіпкерлермен тікелей байланысты орындарды өзіндік ізденіспен бейнелеген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Бекбердинованың туындылары әдемі толықтырған.

   

Менің қасиетті өлкем. 2018

Рухани жанғыру

Фотовыставка Сергея Сурова «Мой край благословенный»

2018 жылғы 27 сәуірде Солжағалық кешеннің Үлкен павильонында музейдің «Ең бастысы дарындылық туралы» атты ұзақ мерзімді жобасы аясында Сергей Суровтың «Менің қасиетті өлкем» атты фотокөрмесі ашылады.

Сергей Суров – Ленинград кино инженерлері институтының түлегі  (2014 жылдан бері – Санкт-Петербург мемлекеттік кино және телевидение институты). Ол аталған оқу орнын тәмамдаған соң екі жыл Өскемендегі облыстық телестудияда кино инженері болып істеп, көп ұзамай операторлық қызмет атқарды. Облыстық телевидениеде еңбек еткен 21 жыл ішінде ол көптеген бейнетүсірілімдер де жасады. Сондай-ақ, сан саладан түсірген суреттерін  облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттеріне жариялап жүрді. Қай салада да тек еңбекқорлығымен танылған ол «Мир» телекомпаниясы арқылы өлкеміздің жақсылығын паш ете білді. Аталған   телекомпанияның Өскемен қаласындағы тілшілер қосыны жабылған соң «Рудный Алтай» газетінде істеді. Сергей Суров қазірде музей-қорықта маман-фотограф болып қызмет етуде.

   

Орыс музейі – тарихтың 120 жылы. 2018

Рухани жанғыру

Орыс музейі – тарихтың 120 жылыОрыс музейі – тарихтың 120 жылы

Өскемен қаласындағы «Орыс музейі: виртуалды филиал» ақпараттық-білім орталығының мамандары Санкт-Петербургте Мемлекеттік орыс музейінің ашылғанына 120 жыл толуына орай 2018 жылғы 18 - 20 сәуірде ашық есіктер күнін өткізді.

№: 4, 10,  36 мектептердің бастауыш сыныптарының оқушылары үшін «Орыс музейі – тарихтың 120 жылы» тақырыбында фотосуреттер көрсетіліп, әңгіме өткізілді, сондай-ақ Мемлекеттік орыс  музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізілді, суретшілер туралы «Фафалямен бірге музейлер еліне» атты ертегілер циклының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Суретті түсірген Сергей Суров

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL