No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-56' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 134:2010-10-25-05-34-56
шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері


«Арт-трио». 2023

2023 жылғы 27 сәуірде сағат 16.00-де Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында өскемендік жас суретшілер Ерлан Маньяровтың, Евгения Зинина мен Ольга Плотникованың шығармашылығымен таныстырған "Арт-трио" атты ұжымдық көрмесінің ашылуы өтті. Шағын музей экспозициясында суретшілердің замана, өздері және қоршаған әлем туралы әсерлерін бейнелейтін 50-ден астам кескіндеме және графикалық жұмыстар қойылды.ҚР Суретшілер одағының мүшесі Н.П. Аштема, ҚР Суретшілер одағы Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Я.Л. Агейкина, музей-қорық директорының көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Е.Ю. Рахматулина жас суретшілерге қолдау білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. "Arabesque" хореографиялық студиясының, сондай-ақ, "Ертіс концерт" КМҚК әншілерінің қойылымдары қонақтарға тамаша сыйлық болды.

Көрме мамыр айының соңына дейін жалғасады.

 

«Көктем бояулары» - облыстық қолөнер бұйымдары мен кәдесыйлар көрмесі. 2023

2023 жылдың 7 наурызында сағат 15:00-де Қайсенов көш., 67 мекенжайындағы көрме залында 8 наурыз көктемгі мерекелер мен Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнері, бұйымдары мен кәдесыйларының облыстық дәстүрлі көрмесінің ашылуы өтті. Мерекелік шараны балдырған әнші, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломаты Мейрхат Сұлтан көрмеге қатысушыларды музыкалық құттықтауымен ашты. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық музей-қорықтың директоры А.В. Тен құттықтау сөз сөйледі. ШҚО «Қолөнершілер ресурстық орталығы» ҚБ басшысы, халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Р.Ч.Мұхамеджанова көрмеге қатысқан қолөнершілерді және алғаш рет қатысып отырған жас шеберлерді құттықтады. Қолөнершілер қатарында Семей қаласынан келген қонақ, ШҚО Ресурстық орталығы филиалының үйлестірушісі А.И.Боқпасарова болды, ол музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ұзақ жылдар бойы Семей өңірінің қолөнершілері дәстүрлі көрмеге қатысқандарын және де қолөнер іс-шараларын ұйымдастыруға, сол арқылы Қазақстанның халық қолөнері мен өнеркәсібін сақтауға, дамытуға атсалысып, өз үлестерін қосатындарын айтты. Жас зергер-тас –өңдеу шебері Г.Сосновский «Сүйікті ісіңмен өмір жүз есе көркем» десе, бір сөзінде жас қолөнерші Ж.Тоқтархан «Қолмен жасалған іс – көңіл хошы» деп өз ойын жеткізді. Шара соңында жүргізушілер қонақтарды облыс шеберлерінің жұмыстарымен танысу үшін көрме залына шақырды. Көрме 2023 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

 

«Динозаврлар - қорқынышты кесірткелер». 2023

2023 жылдың 6 қаңтарында Қ.Қайсенов көшесі,67 мекенжайындағы, ШҚО музей-қорықтың көрме залында жерлесіміз, шебер Ильшат Исхаковтың мүсіндік миниатюралар мен графикалық жұмыстары авторлық топтамасының «Динозаврлар - қорқынышты кесірткелер» атты көрмесі өтті.

Көрмеде полимерлі балшықтан жасалған 17 мүсіндік миниатюра, динозавр модельдерінің біріктірілген фотосуреттері, түпнұсқа графикасы мен логотиптердің репродукциясы ұсынылған. Көрмеге келушілер Ильшат Исхаковтың орындауындағы юра және бор дәуіріндегі Жер фаунасының құдіретті өкілдерінің – плезиозаврлар, брахиозаврлар, диметродон, спинозавр және тағы да басқа «заврлардың» алуан түрлерін тамашалай алады.

Көрме 2023 жылдың 16 ақпанына дейін жалғасады. Көрменің жұмыс уақыты 10.00-ден 17.00-ге дейін.

 

«Болат Исиннің акварельдік сюитасы». 2022

2022 жылдың 9 желтоқсанында сағат 15.00-де, М. Горький көшесі, 59 Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорықта Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Болат Исиннің дербес көрменің ашылуы өтті. «Болат Исиннің акварельдік сюитасы» көрмесі автордың 70 жылдығына арналған. Залдарда суретшінің 2018-2022 жылдар аралығында жасаған 50-ден астам акварель жұмыстары қойылған. Ашылу салтанатына: директордың көрме және экспозиция жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Ю. Рахматулина, облыстық Суретшілер одағының төрағасы Я.Л. Агейкина, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері А.А. Аубакиров, ШҚО өнер-музейінің көрмелер кураторы Л.И. Мартынова, шебер К.А. Акашева қатысты. БАҚ өкілдері: «Алтай» телеарнасы, «Дидар» газеттері, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қызметкерлері, музейдегі әріптестер, суретшілер, шығармашылық зиялы қауым, барлығы 50-ден астам адам қатысты. Вернисаж жылы шығармашылық атмосферада өтті.


 

Күзгі трио. 2021

2021 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 16.00-де музей-қорықтың М. Горький көшесі, 59 мекенжайындағы «Алтай» көрме залында өскемендік суретшілердің «Күзгі трио» атты көрмесі ашылды. Экспозиция суретшілер А. Коротаевтың, В.  Шипиловтың және Л. Мироненконың жеке көрмесін ұсынды. Көрме залдарында ашылған экспозицияға Шығыс Қазақстанның пейзаждары, қала пейзажы және сюжеттік композицияларды бейнелейтін 100-ден астам кескіндемелік жұмыс  енген.

Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Суретшілер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Я.Л. Агейкина, директордың көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Е.Ю. Рахматулина, сондай-ақ,  авторлар сөз сөйледі. Музейлік іс-шараға БАҚ және қоғам өкілдері, суретші-әріптестер қатысты.

 

 

«Театр: замана мен тағдырлар тоғысында». 2022

2022 жылдың 26 мамырында сағат 16.00-де М.Горький көшесі, 59 мекен-жайындағы облыстық музей-қорықта драма театрының Шығыс Қазақстан облысының тарихы мен қазіргі өміріне арналған «Театр: замана мен тағдырлар тоғысында» атты жаңа тақырыптық көрме ашылды. Музей мен театр қызметкерлері көрменің концепциясын бірлесіп әзірледі. Экспозиция театр өмірінің сан алуан аспектілерін көрсетеді: драма театрының тарихы мен қазіргі заманы, декорация үлгілері, суретшілердің картиналары, фотосуреттер, реквизиттер. Ашылу салтанатында музей-қорықтың директоры А.Тен, мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы У.Б.Сағадиев, театрдың баспасөз хатшысы Е.Айтқазықызы сөз сөйледі. Облыстық «Рудный Алтай», Altay TV газетінің журналистері, облыстық драма театрының қызметкерлері, музейдегі әріптестер, өнер қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым, барлығы 50-ге жуық адам қатысты. Вернисаж жылы шығармашылық атмосферада өтті.

 

Сән экологиясы. 2022

2022 жылдың 26 ​​сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында өскемендік дизайнер *bolirina* мектепбінің жетекшісі Ирина Болоткинаның «Сән экологиясы» атты көрмесі ашылды. Қ. Қайсенов көшесі, 67-де болатын экспозицияда студенттердің 3 авторлық жинағы ұсынылды, олар: «Қағаз қуыршақтар», «Физалис», «Оригами», киім үлгілерінің макеттері, студиялық фотосуреттер және «fashion illustration» стилінде жасалған айқын графикалық жұмыстардың тұтас сериясы. Ирина Болоткина алғаш рет музей-қорық қабырғасында өз жұмысын көрсетті. Вернисажда әріптестер, «Алтай» телеарнасының, «Рудный Алтай» және «Мой город» газеттерінің журналистері, *bolirina* студиясының оқушылары болды, барлығы 70-ке жуық адам. Дизайнердің әріптестері, сонымен қатар директордың экспозиция және көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Рахматулина құттықтау сөз сөйледі, В.Н.Шевченко музыкалық композициясын ұсынды.

 

Халықтық мереке – халықтық сыйлықтар. 2022

2022 жылдың 4 наурызы күні, көктемгі 8 наурыз бен Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында қолөнершілердің «Халықтық мереке – халықтық сыйлықтар» атты көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Көгілдір көктем басталысымен Шығыс Қазақстан шеберлерінің қолынан шыққан қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін өткізу баяғыдан дәстүрге айналған. Қазірде ол көрмеге облысымыздың түкпір-түкпірінен 60 қолөнерші қатысуда. Олар өз жұмыстарынсан түрлі материалдардан, атап айтқанда, былғарыдан,  матадан, ағаш пен металдан жасайды және кестелеу, шағын мүсіндерді кесу, аппликациялық панельдер жасау, картиналар салу және тағы басқа датүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Қалай десе де, көрме келушілерге заманауи шеберлердің халық қолөнерінің жандануын, ұрпақтар сабақтастығын, дәстүрлердің сақталуы мен жалғасуын бейнелейтін жетістіктері ұсынылған шынайы, таза, талантты өнермен ұмытылмас көркем кездесулер сыйлары сөзсіз.

 

Өнерім - өмірім. 2021

Музей-қорықта белгілі сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби шебері Бақыт Кеншіліктің «Өнерім – өмірім» атты дербес көрмесі ашылды. Шебер қазақтың ұлттық домбыра, қобыз, шертер, жетіген, даңғыра және басқа да көптеген саз аспаптарын, сондай-ақ,  сандық, асадал, кебеже жасайды.

Шебердің мектепте оқып жүрген кезде жасаған алғашқы саз аспабы  домбыра болса, ал өзінің ең сүйікті аспабы – қобыз. Шебердің дербес  көрмесінде әртүрлі уақыт кезеңінде жасаған 50-ден астам жұмысы қойылған.

 

Шабытымды шалқытқан туған қалам. 2021

Музей-қорықтың Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 А мекенжайда орналасқан Солжағалық кешенінің көрме залында музей сәулетшісі Виктор Шевченконың «Шабытымды шалқытқан туған қалам» атты дербес көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден ескі және жаңа Өскеменнің, Солжағалық музей кешенінің, Самал саябағының көлемді макеттерін, сондай-ақ, қаланың бүгінде мүлде жоғалып кеткен, төңкеріске дейінгі сәулетінің эскиздік жобаларын көре алады. Өнертанушы Тамара Быкова жазғандай, «Виктор Шевченко сәулет кеңістігінде өткен мен нақты әлемдер бейнелерінің тамаша диалогында екі дүние жасайды, бірақ іс жүзінде бұл армандар тоғысатын қала.Бәлкім, В. Шевченко өз картиналарында болашақ ұрпақтар өмір сүретін байтақ әлемді ойлап тапқан болар. Кім білсін».

 

Халықтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау қызметіне. 2019

10 қазанда ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығың Қ. Қайсенов көшесі 67 көрме залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында ұйымдастырылған «Ежелгі артефактілерден қазіргі заманға дейін» көрмесі ашылды. Жобаға Өскемен, Семей, Риддер, Зайсан, Шемонаиха қалаларының және Тарбағатай ауданының музейлері қатысты.

 

Көктемгі көңіл-күй

Көктемгі көңіл-күй

Өскемендік суретші Виктор Калинин халықаралық әйелдер күні қарсаңында музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы залда баспасөз өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар суретшінің өзі атап өткендей, ол соңғы жылдары салған  картиналарын көрсетті.

Баспасөз түйіндемеде айтылғандай, бұл қаладағы ең талантты суретшілердің бірінің шығармашылық потенциалының байқауы. Виктор Калинин – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, қалалық, облыстық және республикалық көрмелердің қатысушысы, ІХ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, ШҚ облыстық «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері көрме-байқауы сыйлығының иегері. Суретшінің туындылары облыс музейлерінің жинақтарында, Қазақстан және алыс шетел суретшілері топтамаларында сақталған.

 
  • «
  •  Босының алдындағыірінші 
  •  Осының алдындағы 
  •  1 
  •  2 
  •  3 
  •  4 
  •  5 
  •  6 
  •  Келесі 
  •  Соңғы 
  • »


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …