Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!

«Олжа» сілеусін музей-қорықтың зообағына орналастырылды. 2017

2016 жылғы 11 желтоқсанның таңы  музей-қорықтағы фауна бөлімінің меңгерушісі  Зайнитдин Шәмшиев үшін қызық оқиғамен басталды. 

– Өскемен қаласының Солжағалық ауданындағы полицейлік учаскелік инспектор балабақшаның ауласында сілеусін жүр деп хабарлады. Ең  алдымен бұл жыртқыш аңды  қардан жол тазалауға шыққан аула сыпырушы байқаған екен. Сасқалақтаған ол оның қандай аң екенін айыра да алмай қалған. «Бізде, сәкіде бір аң отыр және ырылдайды!» – осындай хабармен ол полицияға барыпты, – деді З. Шамшиев.

Адасып қалған аңды ұстауға зообақтың мал дәрігері мен екі жұмысшысы барған. Ал ол кішкентай сілеусін болып шықты, соның өзінде адамдарды ырылдап қарсы алды, торды айналып өткен ол қаша арқылы қашып кетуге ұмтылды. Бөгелуге болмайтынын түсінген жұмысшының бірі аңның соңынан күпәйкесін лақтырып жіберді, сөйтіп теңбіл аңды жауып қалған киім оның жолын кесті. Зообаққа жеткізілген бұл жыртқыш аңның әлі бір жасқа толмағаны анықталды.

   

«Жаңажылдық ертегі» іс-шарасы. 2016

лучшие анимации2016 жылғы 21 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің мамандары Өскемен қаласының кіші жастағы балалары үшін дәстүрлі жаңажылдық таңертеңгілік өткізді. Театрландырылған қойылым Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусының залында өтті. Таңертеңгілікке №4 орта мектептің оқушылары қатысты.     

Қар Ханымы Жаңажылдық Түн Сиқыршысынан сиқырлы сағатының минуттық тілін тартып алып, Жаңа Жыл ешқашан басталмасын деп уақытты тоқтатып қойды. Қаршалар Ақшақарға шағымданады, бірақ Ақшақар Жаңажылдық Түн Сиқыршысымен балаларды мұңаймауға және көңілденіп би билеуге шақырады. Сол кезде Аяз Ата көмекке келіп, балаларға жоғалтып алған сағат тілін қайтарып береді. Балалар қуанып, таңертеңгіліктің кейіпкерлерімен ойын ойнап, шыршаны айналып ән салып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақтар оқиды. Таңертеңгілік жаңажылдық құттықтаулар мен сыйлықтар таратумен аяқталады.     

   

Шығысқазақстандық шебер қөлөнершілердің республикалық конкурсында жүлдегер атанды. 2016

Астанада өткен конкурста Өскемен мен Семей қалаларынан барған қолөнершілер өз жұмыстарын тек аталым бойынша ғана емес, мерекелік жәрмеңкеде де көпшілікке ұсына алды.

Шығысқазақстандық шеберлерді республикалық «Шебер-2016» байқауына апаруды музей-қорықтың СҚӨ бөлімінің аға ғылыми қызметкері және ШҚО ҚРО-ның үйлестірушісі Райса Мұхамеджанова ұйымдастырды.

   

Тұрақты экспозициялар бойынша таныстыру экспозициясы. 2016

К 25-летию Независимости2016 жылғы 15 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.С. Мышко мен осы бөлімнің ғылыми қызметкері Р.Ю.Нечаев ҚАЕУ колледжінің «Туризм менеджменті» мамандығы бойынша оқитын студент-практиканттары үшін «Жастар» саябағының этноауылындағы тұрақты экспозициялар және Қ.Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрмелер бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.

   

«Алаш» арыстары жас ұрпақ есінде. 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 8 желтоқсанда музей-қорықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясының аясында  «Исток» мектебінің оқушылары үшін «Алаш» арыстарына арналған лекция өтті. 2016 жылы «Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды,   2017 жылы  - «Алаш» партиясының 100 жылдығы атап өтілмек. Оқушылар «Алаш» арыстарының өмірбаяндарынан, Алаш автономиясы үшін күрес тарихынан хабардар болды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басында тұрған Алаш арыстарының мерейтойларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің сай келуінің өзі жақсылықтың нышаны болса керек.

   

«Президент пен халық біртұтас». 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына

«25 жұлдызды күн» акциясының аясында 6, 13 желтоқсанда ҚАЕУ мен ТЭК колледжінің студенттері үшін музей-қорықта «Президент пен халық біртұтас» тақырыбында лекция оқылды.

Саяси тарих президенттік институттың мемлекеттер өміріндегі айрықша маңызы туралы айғақтайды. ҚР Президентінің ерекше мәртебесі және өкілеттігіне сәйкес, оған заңдылықтың және қоғамдық игіліктің  сақталуы үшін айрықша жауапкершілік жүктелген, бұл орайда президент конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекетіміздің азаматтары құқықтарының және бостандықтарының тұрақтылығы үшін кепіл болып табылады.

   

«Менің үйім, менің жерім, Қазақстаным менің!». 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 10 желтоқсан.Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында  Өскемен қаласындағы № 17, 23, 36 мектептер үшін музей-қорықта Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. танымдық ойын бағдарламасының барысында орта және төменгі сынып оқушыларына «Астана – болашақ қаласы», «Жер - әрі жас әрі көне» атты бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар арасында ҚР рәміздері бойынша викторина өткізілді, шашу шашылды, «Бір отар қойды қыстауға айдап апар», «Тақия ки», «Көкпар», «Сиқырлы қоржын» тақырыптарында конкурстар ұйымдастырылып, Отан туралы өлеңдер оқылды. Мерекеге қатысушылар соңында «Қара жорға» биін билеп, көңіл көтерді.

   

Жылжымалы көрме СУРЕТ ЖЫЛНАМА. ОРАЛХАН БӨКЕЙ (1943-1993) (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде). 2016

К 25-летию НезависимостиКөрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция аясында өткізілді.  Оқушылар лекция барысында танымал жазушы Оралхан Бөкейдің «Желтоқсан желі» атты пьесасымен танысты. Оқушылар назарына шығысқазақстандық суретшілер салған О.Бөкейдің кескіндемелік және графикалық портреттерінің фоторепродукциялары ұсынылған.

   

«Теңге - ұлттық валютаның тарихы». 2015

К 25-летию НезависимостиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Теңге - ұлттық валютаның тарихы» атты виртуалды дәріс-экскурсия ұйымдастырылып өткізілді.

   

«Батырлар туралы аңыз». 2016

К 25-летию НезависимостиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 12 желтоқсанында сағат 09.30-дан бастап 13.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Батырлар туралы аңыз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

   

«Шимайсыз өмір». 2016

К 25-летию Независимости

2016 жылғы 3 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» жалпы республикалық акция аясында №30 мектеп оқушылары үшін қазақтың белгілі жазушысы Оралхан Бөкеевтың шығармашылығы жайында дәріс өткізілді.

Оқушылардың назарына қазақ жастарының ең сүйікті авторларының бірі – О. Бөкеевтың өмірбаяны ұсынылды. Сонымен қатар, автордың шығармашылығы жөнінде әңгіме жүргізілді.  

   

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты жалпы республикалық акция аясында «Мен, сен, ол, олар – біртұтас елміз». 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 4 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері жетім балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары үшін «Мен, сен, ол, олар – біртұтас елміз» атты іс-шара ұйымдастырып өткізді

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL