• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


«Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» жобасына қатысушылардың шеберлік дәрістері өтті. 2019

13 маусым күні  «Жастар» саябағында «Ұлы дала палитрасы» халықаралық пленэріне қатысушылар шеберлік дәрістерін өткізді.

Оған дейін облыстық өнер музейінде пленэрдің қорытынды көрмесінің ашылу  салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты. Ол  музейге қойылған тамаша жұмыстары үшін әр елден келген суретшілерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді. «Біз мұндай пленэрлерді жалғастыратын боламыз, - деді аймақ басшысы. Жобаға қатысушыларға ескерткіш жүлделер тапсырылды.

 

Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейімен танысу.

2019 жылдың 12 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері  үшін «Музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі» мамандарының «Жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу және тәуекелге ұшыраған жастардың әлеуметтік пайдалы іс-әрекеттерге тартылуы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты іске асыру» жобасы аясында, «Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейімен танысу»атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 10 адам қатысты.

 

 

Халықаралық пленэрдің қатысушылары музей-қорықта. 2019

Шығыс Қазақстанда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала палитрасы» атты үлкен шығармашылық жоба жүзеге асырылуда. Таяу және қиыр шет елдердің 10 елінен келген 20 суретші өз картиналарын салуда. Жобаға қатысушылар 12 маусым күні музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі саябақта болып қайтты. 

 

Суретші В.Васнецовтың ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат

2019 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында музей-қорығының ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Санкт-Петербург қаласындағы Орыс музейінің материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімі әскери қызметкерлерінің балаларына арналған «Суреші В.Васнецовтың ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға 45 адам қатысты.

 

Сабантой да келіп жетті. 2019

8 маусым күні  музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этноаулда татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой атап өтілді. Жүргізушілер қонақтарды үш тілде: татар, қазақ және орыс тілдерінде қарсы алды. Концертке әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.


 

Жаз, күн шуағы және жүз қиял. 2019

Жаз шықты, онымен бірге оқушылардың каникулы басталып,  мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы қыза түсті. Осыған байланысты музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі  қызметкерлерінің шаруасы да еселене түсті. Олар балалардың  Солжағалық кешендегі «Ертегі елі» атты ойын-көрме кешенінде төменгі мектеп жасындағы балалармен ойын-танымдық іс-шаралар өткізуде.


 

Тарих естеліктерін есте сақтау үшін..2019

31 мамыр күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандары: зерттеулер мен еске алулар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку қатысты.

 

Біз оларды мәңгі есте сақтаймыз. 2019

31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу күні болып аталып өтіледі. Музей-қорық қызметкерлері Қазақстан Республикасының ішкі істері ұлттық гвардиясының 5518 әскери бөлімінде іс-шара өткізді. Оның барысында әскерилер мемлекетіміз тармхының қасіретті беттері жайлы танып-білді.

 

Жанар Мәлекбаеваның сәуле мен шаттыққа толы образдар әлемі. 2019

29 мамыр күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратында Бесқарағай ауданының жас ісмер-шебері Жанар Мәлекбаеваның жұмыстары қойылған көрме ашылды. Көрме Жастар жылына арналған және музейдің «Ең бастысы жайлы дарындылықпен» атты жобасы шеңберінде бастау алды.

Толығырақ...

 

«Рухани қазына-2019» республикалық байқауындағы жеңіс. 2019

19 мамырдан 22 мамырға дейін Қазақстанның елордасында мәдениет және өнер қызметкерлерінің  «Рухани қазына-2019» атты ІІ фестивалі өтті. Музей қызметінің қызметкерлері арасында «Облыстық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша музей-қорықтағы ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева жеңімпаз атанды.

 

Жамбыл саябағының абаттандырылуы жалғасуда. 2019

Жамбыл атындағы саябақтың қалпына келтірілуі жалғасуда. Саябақ ортасында қазақ поэзиясының патриархы Жамбыл Жабаевқа жаңа тұғыр мен ескерткіш орнатуға арналған алаң дайындалып жатыр. Басқа да нысандар орнатылады.

Биылғы жылы Жамбыл атындағы  саябақты  абаттандыру аясында Ұлы ақын ескерткішінің астына тұғыр орнатумен бірге  ескерткіштің өзін дайындау  және орнату жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын құру қағидаларын бекіту туралы» № 371 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылдың 17 қаңтарында өткен жиналыстағы шешімімен Жамбыл ескерткішінің алдын ала жасалған жобасы Қазақстандағы жаңа монументті өнер ескерткіштерін орнату жөніндегі республикалық комиссияның қарауына жіберілген. 2019 жылғы 19 наурыздағы республикалық комиссия отырысында жоба талқыланып, бірауыздан мақұлданды.

 

Бірінші сыныпқа көшу құрметіне. 2019

21 мамырда Солжағалық кешеннің бас сахнасында №5 орта мектептің нөлінші сынып бүлдіршіндерінің бірінші сыныпқа көшуі атап өтілді. Олар  Солжағалық кешендегі Этноауылдың қызметкерлері дайындаған «Дос жарты жолда қалдырмайды» атты театрландырылған ойын-конкурстық бағдарламаға қатысты.

Солжағалық кешендегі Этноауылдың әдіскері Ольга Савельева мен кешен қызметкері Надежда Глушкова балаларға нағыз мереке жасап берді. Сөйте тұра олардың тек көңілін ғана аулап қоймай, олардың бойларына «жақсылық, мейірім, мәңгілік» сезімдерін сіңіруге тырысты. Балалар болса тәртіп сақтау мен  гүл өсіруге қатысты өз білетіндерін көрсетті, құстардың үнін тыңдады, бал араларына айналып, бал жинады. Сонымен қатар достарын ешқашан да жарты жолда қалдырмау керектігін жадыларына түйді. Оған О.М. Савельева сомдаған доктор Айболиттің бағдарламасы өте-мөте сәйкес келді. Бүлдіршіндерге барлық жағдайда көмекке келген аталған мерекеге қатысушылар – осы мектептің 4-ші сынып оқушылары болғаны ерекше еді.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …