• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Бекбердинова Г. М. Ертегі әлеміне саяхат

Бекбердинова Г. М. Ертегі әлеміне саяхат

  Кімде-кім мәдениет тарихына, әдебиет және өнерге кызығушылық танытатын болса, онда ол адам көне түркілердің мифологиясынан мол қазына таба алады. Түркілер мифологиясының арғы тамыры қола ғасыр, ертетемір замандарынан бастау алған. Қазақстан аймақтарында, Алтай аумағында көне мифологиялық сюжеттер тастағы суреттерде өрілген. Соңғы 20-30 жыл ішінде Шығыс Казақстанның көптеген көне ескерткіштері ашылып, зерттелуде. «Қазақстан петроглифтері», «Көне Алтайдың алтын әшекейлері», «Қазақ Алтайының көне қазыналары» «Қазақстан атласы» сияқты көркем безендірілген альбомдар да жарық көрді. Құпиясы мол, тылсым сырлары әлі жете ашылмаған көне аңыздар зерттеушілер назарына ілігіп, өнер қайраткерлерін де қызықтыра түсуде.

  Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және

табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы өзінің «Ертегілер елі» атты көрмелік-ойын кешенінде, этнографиялық мазмұнға бай танымдық бірқатар көрме ұйымдастырды. Олар «Ғасырлар қойнауынан», «Бала қиялдарының әлемі», «Алтын сақа»  деп аталды. Мұнда мұражай экспозиционерлері келушілерді қазақ халқының мифологиясымен, ертегілерімен, жалпы қазақ этнографиясына қатысты таным-түсініктермен, ұлттық салт-дәстүрмен және әдет-ғұрыппен таныстыруды мақсат етті. Сонымен қатар балалар үшін табиғат аясында көңіл көтеріп таза ауда ойнайтың пайдалы жақтар да қарастырылған. Балалар қалашығында көрме залдары, балалардың ертегілік үйлері, алтыбақан, күрке, құм алаңы, ойын кешендері, орындықтар, сәндік вазондар, аспалы көпірлер орналасқан.

Мұнда көрерменнің назарына ұсынылған қуыршақтар коллекциясын мұражай-қорықтың тапсырысы бойынша жергілікті шеберлер қолдан жасаған, олар әрбір ересек адамның алаңсыз балалық шағын еске түсіруге мүмкіндік береді.

 «Киелі Қазақтың Мәңгі елі – реалды географияда емес, біздің санамыз бен түйсігімізде, яғни әрбір қазақтың ішінде орналасқан, әбден тұмшаланып, шаң басып, танылмай жатқан «ішкі елімізде». Міне, мифология – осындай кеңістікті қайтадан танып білуге жол ашып беретін кілттердің ішіндегі негізгісі. Қазіргімізді, өздеріміздің кім екенімізді (яғни, мұсылмандығымызды) естен шығармай, өткен заманның ұмыт болған қабаттарының бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге мүмкіндік беретін әдіс те – осы мифология» деп жазады өзінің «Арғықазақ мифологиясы» кітабында қазақ мифологиясының зерттеушісі, этнограф ғалым С.Қондыбай (1968-2004).

  «Ғасырлар қойнауынан» атты кешен аумағында орналастырылған көрмеге қазақ әліппесінің әрбір әрпіне сай келетін мифологиялық және ертегілік кейіпкер бейнелері көрсетілген. Аңыз кейіпкерлері арқылы табиғат, жер бетіндегі тірлік, адам өмірі келісімді өрнектеліп, түркілік дүниетанымның ерекшеліктері жеткізілді. Көрменін 2х1,8 м., көлеміндегі баннерлерінде 36 кейіпкер бейнесі мен солар туралы қысқаша мағлұматтар қазақ және орыс тілінде берілген.

 Қазақтың архаиқалық, халық ертегілері арқылы: Жезтырнақ, Мыстан кемпір, Диу, Ергежейлі, Шалқұйрық «сегіз аяқты» ат сияқты таныс кейіпкерлермен және тағы басқалармен әліпе әріптеріне қарап танысуға болады. Бұлардың бірқатары қазіргі кезде ұмытыла бастаған, бірақ заманында кең тараған аңыздарға негіз болған образдар. Енді бірі түркілер табынатын киелі есімдер болып табылады: Тәңір құдіретті (Орхон-енисей ескерткіштерінде) ғаламға жарық таратушы – Ұлы тәңір, Ұлы ана – Ұмай(Май-ене), Франгасийан – Афрасиаб (батыр, түркі тайпаларының көсемі), әлем кіндігі «Ғаламдық тау», «Өтүкен», «Жерүйық» сияқты ұғымдар. Бұл мәдениет сарқындары ішінара қазақ халқында сақталып қалған. Барлығының түркілік дүниетанымында өзіндік орны бар. Көне түркілер үшін Өтүкен – қасиетті үңгір, оның аясында көкбөрі көктүркілердің жаңа ұрпағын дүниеге әкеліп, емізген деп саналған және де түркі көшпенділерінің қайта өрлеуінің «отты (қасиетті) кеңістігі» – киелі кіндігі. «Темір етігі теңгедей, темір таяғы тебендей» болған қазақ қаһарманының да іздегені осы киелі кіндік болмақ.

 Аспан денелері туралы айтылатын көне мифтердің бірі жұлдыздар шоғыры Үркер туралы. Ол Ү әрпіне орай енгізілген. Түнгі аспандағы бағдартұтар нысандардың ішіндегі негізгісі, түнгі шырақтардың бірі. Көктемде алғаш рет күркіреген күн осы Үркердің көк айғырының кісінеген үні, үйірін қайырып шапқылаған дүбірі мен дүрсілі екен деп ұққан бұрыңғылар. Ай мен Үркердің бір – біріне жақындауы және алыстауы бұлардың өзара жақын, алыс болуын халық тоғысу деп атаған. Сөйтіп «Үркерлі айдың бәрі – қыс» деген ұғым қалыптасқан, бұл Ай мен Үркердің «тоғысу» құбылысын адамдардың өз көздерімен көре алатынына байланысты болып отыр. Алайда, ата-бабаларымыз соған сәйкес: «Үркер жерге түспей жер қызбайды», - деген екен.

 Келесі аңыз Я әрпіне сәйкес берілген «яда тасы» туралы. Ш.Уәлиханов тарихшы Әбілғазы Баһадүр хан (1603-0664) деректерін келтіре отырып, түркілердің «яда тасың» қазақтар «жай тасы» немесе «жад тасы» деген, бұл жай тасы арқылы жауын- шашын шақыра алатын қабілеті бар адамдардың ел ішінде көп екенін жазады. Осындай адамға Жад тасты Тәңірдің өзі береді, ал – оны Аспан Бүркіті жеткізеді екен. Бүгінгі күні бұл әдістер ауылдардың тыныс – тіршілігінде маңызы зор орын алған. Солардан барып―тасаттық беру деген ұғым пайда болғані бұл баршамызға белгілі тәңiрден жауын-шашын тiлеу дәстүрі.

Қазақ қолөнеріне байланысты заттардың барлығы - мұражайлар үшін тамаша жәдігер болып табылады. Өйткені, халық аузындағы деректерге, қазірғі қарт шеберлердің айтуларына қарағанда, ою-өрнектердің қайсысы болса да бір ұғымды бейнелеуден туындаған. Кезінде көрнекті этнограф С.Қасиманов (1902-1977) өзінің зерттеуінде, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының (қазіргі Көкпекті ауданы) тұрғыны 89 жастағы ағаш шебері әрі етікші Жапардың аузынан естіген аңыз «су», «бессаусақ», «бесгүл» атты оюлар туралы келтіреді. Райхангүл - бес жапырақты қызыл гүлдің ою-өрнекке енуі Райханның бес саусағының ескерткіші ретінде қалған деп жазады. Бұл аңыз – Р әрпімен байланыстырылып берілген. Мұнда қазақ халқының «сұмырай келсе су құриды» деген мәтелге себепші болған Сұмырай хан қолындағы бар байлығына көзі тоймай  жер бетіндегі су біткенді өзімдікі деп жариялап, мындаған мал-жанды шөліркетіп қырғынға ұшыратқан. Суды пайдалану еркіндігін күшпен тартып алған халық осы оқиғаға байланысты ою-өрнекке «су» деген ұғымды білдіретін өрнек қосқан екен. Сұмырай хан осы су үшін болған бұл күресте Райхан деген шебер қыздың оң қолының бес саусағын шауып тастаған. Жер-Ана оның бес саусағын бес тармақты гүл етіп, жер бетіне жайқалтып өсіреді. Келтірілген аңызға қарағанда өмірдегі болған кейбір оқиғалар аңыздарға, діни ұғымдарға, өрнек, әшекейлердің бірқатар элементтеріне әсер еткендігіне көз жеткізуге болады.

 Келесі «Ё» әрпімен байланыстырылған аңыз - Шырша тойы  жайлы. Ёл-йол көне түркі тілінен алғанда – жол дегенді білдіреді. Орыс халқының «ёлка» сөзі осыдан шықан. Сөйтіп Жаңа Жыл Шыршасы ерте замандағы көктүрік танымынан бастау алған деуге болады.  Көне түріктер шыршаны «Ергененің киелі ағашы» деп атаған. Қазақ мифологиясындағы Бәйтерек - Жолтерек (жолдарақ) - үш әлемді байланыстырушы, О дүние мен Бұл дүние арасын жалғаушы жол(ел) ретінде саналады. Алып ағаштың ерекше қасиеті сол оны айнала ән салып, билеген адамдардың тілегі қабыл болып жақсылыққа қарай өзгереді екен, ал бұрынғы уайым-қайғы ұмыт болып, қалаған кезінде, тіпті, О дүниемен хабарласа алатын қабілет даритын болған деп түсінген. Шырша садақтың жебесіндей көкке шаншылып, Аспанға, Тәңірге жол нұсқап тұрды.  Түркі жұрты Күн мен Айды бағындыра алған  жарқын, жақсы рухтардың көсемі Ергененің сүйікті ағашы – шыршаны үйге кіргізіп, оның бұтақтарына қызылды-жасылды жіптер мен шүберектер байлаған, түбіне сыйлықтар қойған. Шырша тойы қыстың ең бір қаһарлы кезінде - 25 желтоқсанда тойланған. Себебі – 22 желтоқсан ең ұзақ түн және ең қысқа күн болса, 23, 24 желтоқсанда осы қалып өлірара нүктесінде тұрып, тек 25 желтоқсан күні ғана күн ұзақтығы бір мысқалға ұзарып, жарықтың қараңғыны жеңуі басталады. 

    Тарбағатай тауындағы таңбалы тастарда шырша бейнесі жиі кездеседі, оны айнала адамдардың ойылған суреті салынған. Күні бүгінге дейін қазақтар жаңа отауға, жаңа үйге кіргенде шырша не арша жағып, отпен аластайды. Нәрестені бесікке салғанда да аршамен аластау дәстүрімізде сақталған.

 «Бала қиялдарының әлемі» мен «Алтын сақа» деп аталатын көрмеде Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы шығармашылық студиясы оқушыларының жұмыстарымен қатар қойылған түрлі этникалық қуыршақтар мұражай қызметкерлерінің кеңесіне және тарихи этнографиялық мәліметтерге сүйеніп орындалған. Ал ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы кеңестік кезең ойыншықтарына келетін болсақ, олар әлдеқашан әлеуметтік сипатқа ие болған, солар арқылы балалар әлемді танып, отбасылық тұрмысқа және ұлттық мәдениетке араласқан.

   Мұнда көрікті қуыршақтар ғажайып киім-кешектерімен бірге қазақтың өрнекті әшекейімен көз тартатын қолөнерлік бұйымдар – киізүй жабдықтары мен жасаулары орналасқан. Алдар көсе мен Шығайбай бай образдары, көлде жүзген Аққу және аңыз бойынша тасқа айналған – Түйе, зұлым құбыжық Айдаһар бейнесі және онымен шайқасуға бел буған Кендебай батыр Керқұла атымен көрсетілген батыр образы ерекше көз тартады.

  Сондай-ақ, бұл көрмеде Жезтырнақ – қазақтардың темір ғасырда туындаған дәстүрлі ертегілеріндегі имек жез мұрынды, ұзын жез тырнақты жын-пері, сұлу жас әйел  кейіптегі қуыршақ, Албасты (Жынның бір түрі) образына қоса оған қатысты белгілер – дуалау кітабы, тарақ пен теңге сияқты заттары қөрсетілген.  Киіміне түрлі шүберектер мен сылдырмақтар ілген, бет-аузы қисайып бір қолына қамшы, екінші қолына асатаяқ ұстап жындарды қуған бақсы мен жын-шайтандар образдары да осы жерде.

 Осылайша бұл экспозицияда қазақ мифологиясындағы этнографиялық құндылықтардың сан қырларын жекеленген тақырыптар бойынша көру мүмкіндігі берілген. Сонымен бірге балаларға жасалған осы базарлық балалардың шығармашылық дарындары мен әдемілікке деген ұмтылыстарын дамытуға, ана тілінің қадірін сезінуге, үйренем деушілерге, қазақ фольклоры, ертегі-аныздары, халық эпосын білгісі келетіндерге жәрдем жасайды деп ойлаймыз.

 

Гүлнар Бекбердинова,

ҚР Суретшілер одағының мүшесі,

ШҚО сәулет-этнографиялық және

табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының

бөлім менгерушісі.

Суреттерді салған автор

ИКОМ Қазақстан  2015  №6

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …