• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Жерихова О. «Жастар» саябағы

Жерихова О. «Жастар» саябағы

Соңғы кездері әлем жұртшылығы сәулет және қала құрылысы ескерткіштерін сақтауға және қалпына келтіруге көбірек көңіл бөлуде. Мәдениет мәселелерімен щұғылданып жүрген көптеген мекемелер үшін ЮНЕСКО 2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған болатын, мұның өзі қаржыландыру жағынан қолдау мағынасында тағдыршешімді болды. Осының арқасында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының директоры Н.А.Зайцевтің мұражайға іргелес жатқан С.М.Киров атындағы саябақтың аумағын өтеусіз пайдалануға және реконструкциялауға алу жөніндегі көптен бергі арманы жүзеге аса бастады.

Қазіргі саябақтың аумағы ылғи да Өскемен қаласының тарихи орталығы болып табылатын-ды. Мұнда алдымен базар алаңы мен Халық үйі (қазірде Жамбыл атындағы облыстық драма театры), ал С.М.Киров 1934 жылы біздің қаламызда болғаннан кейін сол жерге саябақ орналастырылып, соңынан оның есімі берілді, кейіннен С.М.Кировқа ескерткіш орнатылған болатын. Ағаштар отырғызып, саябақты абаттандыру ісіне бақылау жүргізу үшін өткен ғасырдың басында Д.Г.Панкратьев шақырылды, ол сол жылдары облыстағы бағбандық, бау-бақшалық және омарташылық жөніндегі танымал нұсқаушы еді.

1935 жылдың күзінде 4806 ағаш пен бұта егілді. Содан бері С.М.Киров атындағы саябақ ұлғайып, қалалықтардың сүйікті орнына айналды.

Саябақ «қожайындарының» ауысуы мен облыста бюджеттік қаражаттардың болмауы ағаштар мен бұталардың сәндік тұқымдарының құрып кетуіне әрі жаңаландырылмауына әкеліп соқты. Олардың орнын «қоқысы көп», пайдасыз - америкалық үйеңкі мен қаратерек басты. Саябақтағы жолдар тозып, бұзылды.

2001 жылы саябақ Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайға берілгеннен кейін мұнда реконструкциялық жұмыстар басталды.

Саябақта бой көтерген алғашқы құрылыс жас сәулетші Д.А.Мегидьтің жобасы бойынша салынған шіркеуше (часовня) болды, ол кезінде қиратылған Покров соборының орнына қойылған-ды. Азапты сынақтар жылдары Христос үшін зардап шеккен, белгілі және белгісіз ресейлік және қазақстандық жаңаазапшегушілер мен уағызшылар атындағы шіркеуше 2001 жылғы 14 қазанда қасиеттеліп, алғашқы келермендерін қабылдады. Ол міне бір жыл бойы күн сайын қалалықтар үшін ашық тұр.

Қалалықтардың демалатын және кешкілік бос уақытын өткізетін орны болғандықтан саябақ бірінші кезекте өзінің функциялық маңызын жоғалтпауы және келушілерге қызықты болуы тиіс еді. Сондықтан бұл жерге ескідәстүшілдердің, казактардың үйлері көшіріліп әкеліп, қазақ ауылы мен этнографиялық деревня құрылды. Ашық аспан астындағы осындай мұражай құру тәжірибесі ТМД-ның көптеген республикалары мен Қазақстанда белгілі, бірақ облысымызда бұл бірінші рет іске асырылды. Жылдың жылы мезгілінде үйлердің есігі келермендерге ашық болады, оларда бір кездері облысымызда тұрған бір немесе басқа этностардың, таптар мен жіктердің тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын көрсететін жәдігерлер мұражай қорынан алыып қойылған. Үйдің барлық керек-жарақ бұйымдарын, тұрмыстық әдет-ғұрып ерекшеліктерін мұражай қызметкерлері көптеген жылдар бойы жинаған  болатын.

Халықтық кәсіп пен қазіргі заманғы шеберлердің бұйымдары  - тоз бұйымдар, шыбықтан, теріден, ұсақ моншақ пен басқа да көптеген материалдан жасалған бұйымдар назарға ұсынылды. Этнографиялық деревняда ұлы орыс ертегішісі П.П.Бажов үйінің құрылысы аяқталып келеді, онда әдеби оқулар өткізілетін болады.

Мұражай сәулетшілері мен ландшафттық дизайнерлерінің ойлары бойынша этнографиялық деревнямен қатар бірнеше функциялық аймақтар болмақ, олар қалпына келтірілген клинкерлі кірпіш жолдармен  өзара байланыстырылады. Ашық аспан астындағы ескі мұражайдан Раппопорттың, халықшыл сәулетші В.И.Фроловтың, Б.Д.Колмаковтың мүсіндері көшіріліп әкелініп, Жас жұбайлар аллеясы мен Ертегілер аллеясы жасалды. Бұрынғы тамаша дәстүр бойынша өздерінің қуанышты күнінде гүл шоғын қоятын ескерткіштер қаламызда көп қалған жоқ. Енді жастар Киров атындағы саябаққа келіп, серуендейді, сөйтіп саябақ қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар қалалықтарға да жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ертегілердегі өздеріне таныс кейіпкерлердің Ертегілер аллеясынан орын тепкен мүсіндік бейнелері балаларға өте ұнайды. Ертегілік кейіпкерлердің шеберлікпен таңдалып, кәсіби сомдалған мүсіндері шыршалар мен шетендердің арасынан балаларды қуанту үшін сығалап тұрғандай. Мұражайда өз ісінің білгірі әрі бағбандық жөніндегі тәжірибелі де талантты маман С.Х.Бочагованың шебер басқаруымен арнайы құрылған бақ-саябақ дизайны бөлімі ағаш-бұталарды жаңартумен және сәндік гүлдер композицияларымен шұғылданды. Софья Хачекпаровна мен оның 25 адамнан тұратын бригадасы бір кездері тозып кеткен саябақтың аумағын бір жылдың ішінде гүлденген оазиске, қаладағы бірден-бір безендірілген ландшафттық учаскеге айналдырды. Көгалдандыру жөніндегі жұмыс Риддер қаласындағы Алтай ботаникалық бағы қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді, олар ескі және бүлінген ағаштарды анықтауға көмектесті. Олар жойылғаннан кейін орнына тез өсетін, шаңға-газға төзімді сәндік ағаштар отырғызылды, оларды ботаникалық бақ пен қалалықтар берген болатын.

Ағаш егу ісі ландшафттық дизайн саласында қазіргі заманғы үрдістерге сай келетін қатал жүйемен жүргізілді. Бақ-саябақ дизайны бөлімінің қызметкерлері саябақта шағын ботаникалық бақ жасауға шешім қабылдады, онда отандық және шетелдік сұрыптау нәтижесінде шыққан әсем гүлдейтін сәндік көпжылдықтар, сондай-ақ облысымызда өсетін жабайы, бірақ әсемдігі жағынан кем болмайтын өсімдіктер өсірілмек. Ландшафтық топтар жасалған уақытта таза эстетикалық сәттерден басқа саябақтағы функциялық аймақтардың ерекшелігі ескерілген болатын. Мәселен шіркеуше маңында коллекциялық учаскелердің негізі қаланған кезде монастырь бақтары туралы сыр шертетін көптеген әдеби дереккөздер зерттелді, мұның өзі саябақта тарихи дәстүрлерге сәйкес дүние жасау үшін қажет еді. Бұл өз ісінің энтузиастарынан көп еңбекті талап ететін, дегенмен өте қызықты шаруа. Сол көктемнің өзінде төбешіктер түрінде жасалған гүлзарларда құртқашаштар, сәлдегүлдер, лалагүлдіктер, бөрібұршақтар молынан гүдлдеп, мұражай қызметкерлері мен қалалықтарды қуантты, олардың көпшілігін бұрын шетелдік тізімдемелерден ғана көруге болатын еді. Алтай ботаникалық бағынан алынған ағаштар коллекциясы елуге таяу түрден тұрады. Олардың арасында Приморье өлкесінен әкелініп, біздің облысқа жерсіндірілген ағаштар – манчжур аралиясы, амур барқыты, манчжур жаңғағы өздерінің әсемдігімен және ерекшелігімен таңқалдырады. Бұл ретте Ресейдің орта белдеуінде өсетін сәндік бұталар – еуропа өгейбұтасы, бөріқарақат, қызыл күрең түсті орманжаңғақ және басқалар қызығушылық туғызуда. Бүгінде саябақта назарға ұсынылған сәндік ағаштардың бірқатарын қалада Д.Г.Панкратьев еккен болатын, бірақ олар не өнбей қалған немесе кезінде «Озеленитель» ЖШС ескі және ауру ретінде алып тастаған болу керек.

Қазіргі кезде реконструкция барысында мыңға таяу ағаштар мен бұталар «жасыл желекті» құрайды және олардың қатары толықтырылуда. Жергілікті сәндік флораны орналастыру үшін ландшафттық көгалдандырудың өзіндік тәсілі қолданылды. Саябақ дизайнерлері жобасын әзірлеп, қолдан жасалған су айдынының жағалаулары қалаға таяу карьерлерден алынған табиғи әктастармен қаланып, біртіндеп көтерілген болатын. Жағалауларға өздерінің діңдерінің сұлулығымен және жапырақтарының пішіндерімен таңдандыратын талдардың оннан астам түрлерінің коллекциялары, сондай-ақ қызғылт, ақ және қызыл гүлшоғырлы болып әсем гүлдейтін бұталар – тобылғылар жайғастырылды. Дизайнерлік бөлім қызметкерлерінің облыс бойынша сапар шегулерінің нәтижесінде су айдынының жағалауларын безендіретін неше түрлі дәрілік, сәндік-жапырақты және әсем гүлдейтін көпжылдықтар коллекциясы пайда болды, Су айдынының бетін шағын тұңғиық пен нимфейник жауып тұр, олардың гүлдері таңертең ертемен ашылады. Су қоймасының жағалауларын қосып тұрған шағын әсем көпірді қалалықтар Тілек Көпірі деп атап кетті. Саябаққа келгендерге мұндағылар қуаныш, тыныштық сыйлап, жағымды қуат беруі тиіс. Сондықтан да жаңартылған газондардың ішінде пішіні, гүлдердің жиынтығы мен ландшафттық тәсілдері бойынша әртүрлі, бірақ ортақ ансамбльге біріктірілген учаскелер саны көбейді. Бұлар – күрделі суреттер түріндегі француз гүлзарлары мен ағылшын саябақтарының табиғи қопалары, болашақта жапон бағын құру жоспарлануда. Келесі жылдың көктемі мен жазында саябақ демалушыларды голландтық сұрыптаудан өткен баданалы өсімдіктердің елу үш сортынан және райхангүлдердің он сортынан тұратын ғажайып гүлзарлар қарсы алмақ.

Әрқашан шығармашылық ізденісте жүретін ландшафттық дизайнерлер этнографиялық деревняның қазақ ауылында – шилі, бетегелі, шеңгел қопалы нағыз далаға, ал казак қонысында – казак бақтары мен огородтарына тән элементтерді жасамақ, яғни саябақ енді облыс ландшафттары мен дәстүрлі бақшаларының элементтерін құрамақ. Осы бағыттағы жұмыстар басталып қойды. Жоспар бойынша саябақ реконструкциясы бес жылға есептелген. Осы уақыт ішінде саябақтың қалған аумағы да айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Өскеменнің тарихи орталығы көркейе түсуі үшін келесі жылдың көктемінде тағы да бір су қоймасының құрылысы аяқталмақ, саябақтың орталық алаңында субұрқақ орнату жоспарлануда, жаңа ағаштар отырғызылмақ. Жұртшылықтың саябақтағы өзгерістерге шүбәмен қараған көңіл-күйлерінің біртіндеп түсіністікке ауысуын мұражай қызметкерлері жұмысының табысы деп санауға болады. Қала мен мұражайда мерекелер мен іс-шаралар өткізетін жер пайда болды. Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен мұражай жыл сайын өткізіп жүрген фольклорлық фестивальге Новосібірден, Барнаулдан, Павлодардан, облыс қалаларынан келген фольклорлық ұжымдар үйлеріне ұмытылмастай әсер алып қайтты. Жаңартылу үстіндегі саябақтың тұсаукесері 2002 жылғы 30 тамызда – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен Қала күнінде өтті. Өскемендіктердің негізгі бұқарасы бұл күнді саябақта өткізді, бұл ретте олар мұражай қызметкерлерінің жұмысына ризашылықтарын білдіріп, бақ-саябақ дизайны бөлімінде сақталатын пікірлер кітабына алғыстарын жазып қалдырды. Көптеген өтініштер бойынша Пушкин атындағы облыстық кітапханада С.М.Киров атындағы саябаққа арналған сайт ашылды, онда кім де болса саябақта болып жатқан өзгерістер туралы оқып, өздерінің пікірлерін білдіре алады. Мұражай қызметкерлері осындай тілектерді орындауға ұмтылып, қолдарынан келгендерін аямайды, өйткені облыстық этнографиялық мұражайдың бастаған шаруасы қала игілігі үшін, мәдениетке қолдау көрсету үшін және келер ұрпақтарға естелік қалдыру үшін атқарылып жатыр.

Оксана Жерихова. 2003 жыл.

Орысшадан аударған Р.Б.Қайырбаева.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …