• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Айна Ескенқызы. Ұлы Цин әулетінің құтысы

Айна Ескенқызы. Ұлы Цин әулетінің құтысы

Облыстық  этнографиялық  мұражай  тағы   бір  таңғажайып  жәдігермен  толықты.  АЕS  корпорациясы  2004 жылы  облыстық  әкімшілік  өткізген қайрымдвлық  аукционында  сатып  алған  Қытай-дың   ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы   көркемдік  құндылығы   жағынан  баға  жетпейтін  тамаша  фарфор   вазасын   мұражай -  қорыққа   сыйға  тартты.

Бір  қызығы,  біздің  өнімді  қолмен  ұстап ,  көзбен  көруге  келе  бер-мейді,- деді  вазаны  сыйға  ұсынған  корпорацияның  вице –президенті  Майк  Джононган.

Сол себепті де шығысқазақстандықтар біздің  немен айналысатынымызды  ұмытып  жатса ,  осы  сыйлықты  көргенде  естеріне  алар  деп   үміттенеміз.

Амарикандықтар   сол  жылы  Қытайдың  екі  вазасына  қол  жеткізген  екен. Екіншісін  өздеріне  естелік  үшін  алып  қалған.

Шындығында,  АЕS  корпорациясының  немен   айналысытынын  өскемендіктердің  ешқайсысы  да  ұмытпайды  деуге  негіз  бар. Қазақстанда  АЕS электр  және  жылу  қуатын  өндіру  және  таратумен  айналысады.  Электр  қуатын  Павлодар  және  Шығыс  Қазақстан  облыстарында  орнала-сқан  бес  станцияда  өндіреді.  Корпорацияның  ұзақ  мерзімді  стратегиясының  дәлелі ретінде жалға алынған Өскемен  және  Шүлбі  электр  станцияларын, сатып  алынған Өскемен және Согра  жылу   станцияларының   жұмыстарын   айтуға  болады.  Американдықтар  қазақстандықтарға  қайрым-дылық  шаралары  үшін  қыруар  қаражат  бөліп  келеді.  Мұражай  қорының  директоры  А.Зайцев АЕS- тіктерге  мәдениет  саласында  да  назар  аударуға  ұсыныс  жасады.

-  Мұражай – қорықта  Қытай  халқының  мәдениетінен  сыр  шертетін  жүзден  астам  жәдігер  бар, - деген  бөлім  меңгерушісі  Бақыт  Құмарова.  – Оның  ішінде фрафордан,  сүйектен  жасалған,  ағашқа  ою - өрнекпен  әше-кейленген  бағалы  заттар  да  баршылық.  Әсіресе,  Қытай  жібегі  жоғары   бағаланатыны  белгілі. Біздің   қазақ  қыз- келіншектерінің  қолынан  шы-ққан,  қытай  жібегінен  тігілген  шапан,  көйлектер де  кездеседі.  Бірақ  олардың  арасында  бүгін  сыйға  тартылған  вазаның  орны  мүлде  бөлек. Оның  сыртында  «Ұлы  Цин  әулеті, Канси  императоры  басқарған  жылдар  1662- 1722»   деген  жазу  көне  қытай  тілінде  жазылыпты.  Және  оны  біз  шақырған  ғалымдардың  ішінде  тек  профессор Тұрсынхан  Зәкенұлы  ғана  оқып, аударып  берді.

Мұражай  қызыметкерлері  жәдігерлердің  құжаттары  толық  әзірленіп,  қор  есебіне заңды  түрде түсірілгеннен  кейін  Қытай  мәдениетінің  көрмесін  ұйымдастыруды   жоспарлап  отыр. Ал оның төрінде  Канси  императорының  вазасы  өзінің  лайықты  орнын  алмақ.

Айна  Ескенқызы

«Дидар» газеті   130-0131,  2007жыл  30  қазан.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …