• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Синельникова М. Виртуалдық кітапхана мен мұражай

Синельникова М. Виртуалдық кітапхана мен мұражай

Шығыс Қазақстан облысы  этнографиялық  мұражайы  мен  Шығыс  Қазақстан  облысы  табиғат  ресурстары  мен   табиғатты   пайдалануды  реттеу  басқармасының  қызметкерлері    айтарлықтай    қызықты «электрондық» шешім  тапты .  Жоғарыда   аталған   ұйымдар  электрондық   әкімдікті   құрудың  өңірлік   бағдарламасы   аясында  бірқатар  жобаларды  іске  асырды . Бұл  жобалардың  негізгі  мақсаты – Шығыс Қазақстанның  тарихы  және  этнографиясы , сондай – ақ  бай  табиғаты  туралы  мағлұматтарды  сақтау , көбейту     және  тарату.  Тұтастай  алғанда , жобаларды  негізгі  екі  бағытқа  бөлуге  болады: «ШҚО әкімінің  порталымен  ықпалдастырылған  сирек   кездесетін кітаптардың   виртуалдық  кітапханасын  құру»  және  «Виртуалдық  мұражай  құру» .

Сирек  кездесетін  кітаптардың  виртуалдық  кітапханасы – Шығыс Қазақстан  облысы  әкімінің  сайтында  орналасқан  электронды  ресурс . Бұл  жерде  әрбір  тілек  білдіруші  өзін  қызықтырған  сирек  кездесетін  ескі кі-таптар  мен  журналдар  басылымдарымен  таныса  алады .  Кітапханада  кө-птеген  бірегей   басылымдар  жинқталған, этнографиялық  кітапхана  қоры-нда  534  кітап ,  экологиялық  кітапхана  қорында  200- ге тарта  басылым-дар  бар. Ішінде барлығы 5-ақ  нұсқада  басылғандары  да  кездеседі.

Виртуалдық  кітапхана  ресурстары  осы  салада  жұмыс  істейтін   мамандар  үшін  ғана  емес, тиісті  мамандықтардың  студенттеріне  де  өте   жақсы  таптырмайтын   ақпарат  көзі  және  таптырмас  көмекші  болуы  мүмкін. Қазіргі  ғылыми  кітаптардың  көбі   айтарлықтай  қиын  ғылыми    тілмен  жазылған . Ескі  кітаптардың   артықшылығы – ондағы  ақпарат  маман  емес  оқырманға да   түсінікті. Қарапайым  сөздермен  баяндалған .

Виртуалдық  кітапхана құру  барысында мұражай  қызметкерлеріне Рейтинг ІТ – компаниясының  мамандары , Шығыс  Қазақстан  облысы әкімінің  аппараты  айтарлықтай  қолдау  көрсетті .Жобамен  жұмыс  про-цесінде  көптеген  қызықты  идеялар  туып ,  дамытылды  және  өңделді .

Кітапхана  үшін  кітапті  сканерлеу  мәтінді  автоматты  түрде  редакция-лауға  мүмкіндік  беретін  заманауи  жабдықта  жүргізілді. Алайда , кітаптар-ды  олар басылған  форматта , соның  ішінде  кітап  түпнұсқасының  шриф-тын  сақтаумен орналастыру шешілді . Осындай  кітапті  оқығанда , бұл  нақ  ескіден  сақталған  сирек  кітап  екенін  түсінесің!

Жалпы  алғанда , әлемде  және  Қазақстанда  электрондық  кітаптар  және  электрондық  деректер  қорын  құру  тәжірибесі  бүгінде  жаңалық  емес. Бірақта  біз  сөз  еткен  жобалардың  бір қатар  артықшылықтары  мен   ерек-шеліктері  бар. Көбінесе  кітаптардің  электронды  нұсқасы  қолдануға  өте  қиын . Вертуалдық  кітапхананың  кітаптарын  оқу  бағдарламасы  өте  қо-лайлы  навигацияға  ие . Кітаптарді  қарау  режимі  де  өте  қолайлы . Сонымен  қатар  кітаптарді аты  бойынша , автордың  фамилиясы  бойынша-да  іздеуге  болады . Виртуалдық  кітапхананың  ресурстарын Шығыс Қазақстан  облысы  әкімінің  сайтында  еркін  табуға  болады:  экологиялық  кітапхананың  қоры- мәдениет  бөлімінде – кітапханалар - сирек  кездесетін  кітаптардың   виртуалдық  кітапханасы , этнографиялық  виртуалдық  кітап-хананың  қоры - Мәдениет- Мұражай –Виртуалдық  мұражай – сирек  кез-десетін  кітаптар  қоры  .

Алынған  басылымдарды  қарау  мүмкіндігін  алу үшін арнайы  бағдарла-ма орнату  қажет. Бағдарламаны  виртуалдық кітапхананың  бетінде немесе http//www. e-vko.gov. kz/library/Tools/DJUCNTL 601 EH. zip сілтемесі  бойы-нша  өту  арқылы  алуға  болады .

Біздің  өлкенің  бай  мәдени  құндылықтарын  жұртшылыққа  кеңінен  таныстыру  мен  қол  жеткізу  мүмкіндіктерін  жасау  үшін  этнографиялық мұражай  қызметкерлері  әкімдіктің  жан – жақты  қолдауы  арқасында Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімінің  сайтында «Виртуалдық  мұражай» айдарын  ашты (Мәдениет- Мұражай- Виртуалдық  мұражай –Мұражай  қорығы  бөлімінде).

Виртуалдық  мұражайдың  айырмашылығы – оған  интернет  желісі  арқылы  әлемнің  кез  келген  нүктесінен  кіруге  болады . Бұл  Шығыс Қазақстанның  және тұтастай  алғанда  елдің  имиджін  қалыптастыру  тұр-ысынан  алып  қарағанда  өте  жақсы  қадам .

Осы  жоба  үшін  мұражай  әр түрлі  коллекциядан  1000-нан  астам мұражай  заттарын  ұсынды. Енді  әлемнің  кез  келген  нүктесіндегі  инте-рнет  пайдаланушылар біздің  өлкеміздің  мәдени  және  тарихи  құнды-лықтарын  көріп, олар  туралы  маңызды  ақпаратпен таныса  алады.  Сайттың  сәулеті  тиімді  және  мұражай  заттарын  коллекция  бойынша  немесе  ішнара  қарауға  мүмкіндік  береді . Пайдаланушының  қалауы  бойынша  коллекцияны  галерея  түрінде   де  қарауға  болады . Мұнда  біздің  облысымыздың  ғана емес, басқа  елдердің  аумағында да  кездесетін  зат  түріндегі  қыш, күміс, қола, шойын бұйымдар  әр түрлі  халықтың музыкалық  аспаптары, қолданбалы  өнер  құралдары, сағаттар, тоқыма  бұйымдарды (белбеулер, шәлілер және  орамалдар, ас жаулықтар) көруге  болады . Гелереяға  түрлі  діни конфессиялардың   да  заттары  қойылған .

Әр  бір  зат бойынша  ақпаратты  мұражай  қорығының  ғылыми қызмет-керлері  дайындады . Осы  акцияға  мұражайдың  ғылыми бөлімдері де  тар-тылды. Келешекте  қолда  бар  базаны  нығайту  және  кеңейту жоспарлануда.

М. Синельникова.

Шығыс Қазақстан облысы  әкімі

Аппаратының ақпараттық   технологиялар

бөлімінің  меңгерушісі.

«Дидар» газеті  №10, 2009 жыл 13  қаңтар

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …