
2026 жылдың ақпан айында музей-қорық қызметкерлері № 45 «Болашақ» балабақшасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған экологиялық акция өткізді. Акцияның мақсаты – балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, оларды табиғатты аялауға және жануарларға қамқорлық жасау ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуге үйрету. Акция барысында бүлдіршіндерге қыстайтын құстар және оларды тамақтандыру ережелері туралы айтылды. Шара соңында балалар алған білімдерін іс жүзінде бекіте отырып, құстарға қамқорлық жасауды жалғастырулары үшін оларға құс жемі мен құсқа жем салатын астаулар сыйлыққа берілді.







