• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары Жаңалықтары
Жаңалықтары


«Аламан құрақ» шеберлік-сағаты. 2026

«Аламан құрақ» шеберлік-дәрісі өтті. Спикері - Нұргүл Абайхан, «Аламан құрақ» жобасының негізін қалаушы. «GlOBAL BEST OF RECORDS» дүниежүзілік рекордтар кітабына енген және күміс медаль иегері.

Кездесу барысында алда өтетін «Аламан құрақ» жобасымен таныстырып, «шығыс бітпесі» деп аталатын құрақ түрін тігу жолдарын көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.

Толығырақ...

 

 

«Асыл сөздің патшасы – Жамбыл Жабаев». 2026

2026 жылдың 18 ақпанында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы №36 орта мектебінің 7-сынып оқушыларына қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Асыл сөздің патшасы – Жамбыл Жабаев» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында балалар Ж. Жабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысты. Оның қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты жеңіске жігерлендірген жалынды жырларының маңызы атап өтілді.  Оқушылар ақын шығармаларынан өлеңдер оқыды.  Өскемен қаласының «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Көктерек» домбырашылар ансамблі домбырада күмбірлеген күй тартып, іс-шараның көркін ашты.

Толығырақ..

 

Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы. 2026

ШҚО этнографиялық музейінде ұлы ақынның мерейтойына арналған «Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға облыстық Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж студенттері, Достық үйінің «Ақ босаға» халық ансамблі, «Белес» фольклорлық ансамблінің солистері шақырылды. Тақырыптық таныстырылым, Жамбылдың өлеңдері, халық әндері, домбыра тарту, ақынға арналған кітаптар туралы әңгіме – мұның бәрі кездесудің лирикалық атмосферасын қалыптастырды. Қатысушылар іс-шараның жай ғана тыңдаушылары ғана болмай, Жамбылдың шығармашылық жолы туралы әңгімеге белсене қатысты.

Қосымша фотосурет ...

 

«Құстарға қамқор болайық» экологиялық акциясы. 2026

2026 жылдың ақпан айында музей-қорық қызметкерлері № 45 «Болашақ» балабақшасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында  ұйымдастырылған экологиялық акция өткізді. Акцияның мақсаты – балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, оларды табиғатты аялауға және жануарларға қамқорлық жасау ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуге үйрету. Акция барысында бүлдіршіндерге қыстайтын құстар және оларды тамақтандыру ережелері туралы айтылды. Шара соңында балалар алған білімдерін іс жүзінде бекіте отырып, құстарға қамқорлық жасауды жалғастырулары үшін оларға құс жемі мен құсқа жем салатын астаулар сыйлыққа берілді.

Қосымша фотосурет ...

 

«Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» атты танымдық сабақ. 2026

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ №1 оқу ғимараты, университет музейінде  «ҰРПАҚҚА ҰЛАСҚАН ӨРНЕК: ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ» тақырыптық шарасында Рахатова Жадыра Тоқтарбекқызы «Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» көрмесін ұйымдастырып өткізді. Дәстүрлі және заманауи қолөнер бұйымдары жайлы қызықты мағлұмат берілді.

Толығырақ...

 

«Музей педагогикасы – білім беру ресурсы» семинары. 2026

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері Жадыра Тоқтарбекқызы «Музей педагогикасы – білім беру ресурсы» жобасы аясында «Музей педагогикасы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру» тақырыбындағы стратегиялық сессияда «Музей – мәдениеттің алтын көпірі» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар Ю. Костанянцтың музей-үйінде өтті.

 

«Мағыналы құрақ» атты шеберлік-сағат. 2026

2026 жылдың 22 қаңтар күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Мағыналы құрақ» атты танымдық шеберлік-сағат өткізді. Спикер - құрақ құрау шебері, "Аламан құрақ" жобасының мүшесі Айжан Умбетова.

Шараға құрақшылар, қолөнершілер және «Асыл әжелер» алқасының мүшелері, студенттер және музей қызметкерлері  қатысты. Шеберлік-сағат барысында құрақ құраудың қыр сыры таныстырылды.

Қосымша фотосурет ...

 

«Заң және тәртіп» қайырымдылық іс-шарасының өтуі туралы ақпарат. 2026

2026 жылдың 13 қаңтарында «Заң және тәртіп» әлеуметтік-қайырымдылық акциясы аясында музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі Өскемен қаласының білім бөліміне қарасты КММ «Негізгі орта мектеп-интернатының» оқушыларына арналған «Жаңа жылдық ғажайып: музей-қорықтың қор коллекциясындағы жаңа жылдық ойыншықтар құпиясы» атты танымдық іс-шара өткізді.

Толығырақ...

 

2026 жылғы 27 қаңтардан бастап 10 ақпанға дейін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлардың алдын алу қызметкерлері үшін жеңілдікпен кредиттеу өңірлік бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады! 2026

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасы келесіні ХАБАРЛАЙДЫ:

2026 жылғы 27 қаңтардан бастап 10 ақпанға дейін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлардың алдын алу қызметкерлері үшін жеңілдікпен кредиттеу өңірлік  бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады!

 

Аяз Ата резиденциясының ашылуы. 2025

20 желтоқсанда «Аяз Ата, Ақшақар» халықаралық фестивалі аясында музей-қорықтың Солжағалық кешенінде Аяз Ата қысқы резиденциясының ашылуы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылыммен ойын-сауық отшашуы, Аяз Ата, Ақшақар шеруі, облыстық филармония әртістерінің көңілді әндері, ұлттық тағамдармен ыстық шай жаңа жылдық сиқырдың ұмытылмас атмосферасын жасады.

 


Страница 2 из 44

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3131
Просмотры материалов : 39241024

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...