|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Ақпараттық-білім бөлімі өткізген экскурсия. 2015
 
2015 жылғы 17 қазанда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері (бөлім меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева, бөлім мамандары А.А. Асыл, О.М. Калиева) Семей қаласы экономикалық лицейінің 9-11 сынып оқушылары үшін (120 адам) Семей қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес іс-шаралар топтамасын жүргізді.
Іс-шара бағдарламасында:
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне бару;
- Виртуалды мұражай экскурсиялары: «Орыс мұражайының залдарына саяхат», «РФ Алмас қоры» 3D форматында;
- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы» атты көрмесі бойынша экскурсия.
|
Қазақстан халқы тілдері күні. 2015
 
2015 жылғы 18 қыркүйекте мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Тіл – достықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өткізілді, ол Қазақстан халқы тілдері күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері этнографиялық кешенге келген қонақтарды әнмен, бимен және қонақасымен қарсы алды.
Іс-шара барысында әндер орындалып, әртүрлі тілде өлеңдер оқылды.
Астана. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу. 2015
 
Іс-шара 2015 жылғы 11-13 қыркүйекте болды.
Мұражай-қорық қызметкерлері мейрамда Шығыс Қазақстан облысын көрсететін кешеннің киіз үйін безендірді.
Киіз үйдің ішкі көрінісін безендіру үшін мұражай-қорық қорынан 182 зат пайдаланылды. Үйдің ішкі көрінісін безендіруде Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайы ұсынған жәдігерлер: сүйекпен және металмен жозыланған төсек, ақық ендірілген ер-тоқым, сәнді қасқырдың терісі маңызды толықтыру болды. Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 6 бұйым берді: құмған, тұғырығы бар сандық, ХХ ғасырдың соңындағы келі, сондай-ақ ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы сүйекпен әшекейленген ыдыс-аяққа арналған шкаф. Және шебер Лина Ақанқызы қасқырдың терісінен жасалған тонды «қасқыр ішікті» және шаңыраққа арналған шашақ «шашақ бауды» ұсынды, олар киіз үйдің сәнін ерекше келтіріп тұрды.
Толығырақ...
Мұражай-қорықта Қазақстан Республикасындағы бірден-бір наноөсімдіктер коллекциясы өседі. 2015
 Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының Солжағалық кешенінде ғаламшардың әр жерінен әкелінген сирек кездесетін өсімдіктер сәтті бейімделуде.
Солжағалық кешендегі ботаникалық көрнекті орындардың бірі Даниядан әкелінген наноөсімдіктер коллекциясы болып табылады, олар қолдан жасалған бұлағы бар алаңда жайлы орналасқан.
Поперечный селосындағы фестиваль. 2015
 
11 шілде күні Поперечный селосында «Уба әуендері» атты экологиялық-этнографиялық-фольклорлық фестиваль болды. Фестиваль ШҚО әкімдігінің, Риддер қаласы әкімдігінің, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қолдауымен өткізілді.
ҚХР-дан және ШҚО-дан бизнес-кездесуге келген қатысушылар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді. 2015
2015 жылғы 3 шілдеде –ҚХР делегациясы – ШҚО және ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы кәсіпкерлерінің бизнес – кездесуіне қатысушылар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді.
«Жастар» саябағында «Шырақ жақ» акциясы өтті. 2015
 
«Жастар» саябағы еске алу шырақтарымен безендірілді. Дәстүрлі «Шырақ жақ» акциясына 500-ден аса қала тұрғындары жиналды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында өз өмірлерін құрбан еткен біздің 7199
жерлестерімізді еске алу үшін қала тұрғындары сонша шырақ жақты.
«Ардагерлерге деген қамқорлық» акциясы. 2015
 2015 жылғы 30 сәуірде мұражай-қорық қызметкерлері: Ш.М. Кәрібаева және М.Д. Старкова «Ардагерлерге деген қамқорлық» атты Республикалық акцияға қатысты. Ұлы Отан соғысының 48 ардагерлері, облыстың 5 елді мекенінің: Герасимовка, Украинка селоларының, Ұлан ауданы, Новоявленка, Ахмер және Меновное кентінің тыл еңбеккерлері үшін Солжағалық кешен бойынша экскурсиясымен іс-шара ұйымдастырылды.
Мектеп тәлімгерлерінің сиқырлы қолдары. 2015
 Көрмеге ШҚО мектептері мен колледждерінің технология пәні оқытушыларының бұйымдары ұсынылған. Көрмеге облыстың 20 білім ошақтарынан 30-дан астам ұстаз қатысады. Көрермендердің назарына ағашты ою, аппликация, кесте, ши өру, ұсақ маржанды өру, киіз басу, теріні көркем өңдеу және т.б. сәндік-қолданбалы өнер жанрында түрлі материалдардан жасалған 100-ден астам жұмыс ұсынылған.
Толығырақ...
Ағаш отырғызу күні. 2015
 30 сәуірде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі өткізілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға арналады, бірақ Қазақстанның ауа-райы мерекені уақытында өткізуге келмейді.
|
|
|
|
Страница 35 из 44 |