• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық World Press Photo 2013. 2014

World Press Photo 2013. 2014

ВЫСТАВКА ПОБЕДИТЕЛЕЙ ВСЕМИРНОГО КОНКУРСА  ФОТОЖУРНАЛИСТИКИ WORLD PRESS PHOTO 2013 В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕВЫСТАВКА ПОБЕДИТЕЛЕЙ ВСЕМИРНОГО КОНКУРСА  ФОТОЖУРНАЛИСТИКИ WORLD PRESS PHOTO 2013 В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕФОТОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ WORLD PRESS PHOTO 2013 БҮКІЛДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНКУРСЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨСКЕМЕНДЕ

Өскемен. 2014 жылғы 30 қаңтар. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорықта адам құқықтарының Халықаралық күнін мерекелеуге арналған  World Press Photo 2013 көрмесі ашылды. Қазақстандықтар осыдан бұрын желтоқсан айында Астанада, содан кейін қаңтардың бірінші жартысында Қарағандыда ұйымдастырылған көрмені тамашалау мүмкіндіктеріне ие болған-ды.

Осынау бірегей саяхатшы көрмеге фотожурналистиканың әлемдегі ең абыройлы World Press Photo конкурсының 150 жеңімпаз-еңбектері енген. Экспозиция 2012 жылдың ең маңызды оқиғаларынан көрініс береді.

World Press Photo – фотожурналистиканың жыл сайынғы ең беделді байқауы, көбінесе ол кәсіп стандартын айқындап береді. БАҚ-тың кәсіби фотосуретшілері мен фоторедакторларынан тұратын тәуелсіз жюри үміткерлердің еңбектерін жыл сайын тоғыз түрлі санатта бағалайды. Оған әлемнің әр түкпірінен фотожурналистер, агенттіктер, газеттер мен  журналдар өз жұмыстарын ұсынады. Осы жылы жюри мүшелері әлемнің 124 елінен 5 мың фотосуретші ұсынған 103 мыңнан астам фотосуреттерге баға берді. 2013 жылдың ақпанында Амстердамда конкурс финалы 56-шы рет өтті.

Жыл сайын конкурс нәтижелері хабарланғаннан кейін екі ай бойы  Амстердамда жеңімпаз-еңбектердің көрмесі өткізіледі, ал содан кейін ол әлем бойынша саяхатқа аттанады. Биыл көрме алаңдардың рекордты саны – 45 елдердің 105 галереялары мен мұражайларында назарға ұсынылды.

World Press Photo –  1955 жылы Нидерланд Корольдігі принцінің  қамқорлығымен негізі қаланған  үкіметтік емес тәуелсіз ұйым. Тәуелсіз фотожурналистика және ақпаратпен еркін алмасу үшін ұйым бірегей алаң ұсынады. World Press Photo көрмелік бағдарламаның халықаралық табысы фотосуреттердің коммуникативтік мүмкіндіктерін паш етеді. World Press Photo Голланд пошталық лотереясы  Dutch Postcode Lottery қолдауымен жұмыс істейді. Бүкіл әлем бойынша көрменің демеушісі Canon болып табылады.

Көрме Қазақстанға  Нидерланд, Европа Одағы делегациясы, Норвегия, АҚШ, ЕҚЫҰ Орталығы мен Канада дипломатиялық миссияларының қолдауымен әкелінді.

Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі.

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …