• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Парсы нақыштары (Фирдоусидің «Шахнаме» кейіпкерлерінің бейнесі). 2017

Парсы нақыштары (Фирдоусидің «Шахнаме» кейіпкерлерінің бейнесі). 2017

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мәдени орталығының ұйтқы болуымен және ұзақ мерзімге бағытталған «Шекарасыз музей» атты жоба аясында 5 мамыр күні сағат 17-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында Иран миниатюрасы мен сәндік-қолданбалы өнерінің «Парсы нақыштары» атты көрмесі ашылады.

Көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин мырза қатысады.

Экспозицияның негізі болып Фирдоусидің «Шахнаме» атты патшалар кітабының сюжетті миниатюралары алынып отыр. Х ғасырдың соңында дүниеге келген парсы әдебиетінің ескерткіші жарқын стильді көптеген миниатюралық мектептердің, атап айтқанда, суреттің дәлме-дәл салынуының, жарқыраған реңктердің өзара ойнақшуы мен кішкене ғана дүниелердің молдығы мен шағын детальдарының, геометриялық тұнықтығы мен жарқырап тұратын палитрасының пайда болуына ықпал етті. Соның арқасында миниатюра өнері Иран мен Орта Азияда ерекше дамыды.

Ал металдан, сүйек пен ағаштан жасалған детальдар, сондай-ақ, сәнді паннолар мен тоқымалар көрмені тіптен толықтыра түседі. Өте талғампаздықпен орындалған  жіңішке алтын оюлар мен дәстүрлі әшекей-суреттер әсіресе, шығыстық экзотиканы жақсы көретіндерді қуантары сөзсіз. Мәселен, әшекейлерге арналған, парсы инкрустациясы «хатамкаримен» жабдықталған ғажайып қобдиша. Мұндай  спецификалық алты қырлы оюлар инкрустациясы бастан-аяқ алғанда шамамен 400 қадамнан тұрады. Ал ирандық  «минакари» техникасымен жасалған эмаль кәдесыйлар да ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Мұндай бұйымдарды аталған техникада жасау барысында металл мен керамикалық бұйымды көкшіл бояумен бояп, эмальмен жалтыратады. Одан соң затты пешке салады. Өте жоғары температурада аталған заттың бояуы беріктене түседі.

 Бұл көрме Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстардың нығая түсуіне негіз болары сөзсіз. Сіздерді аталған көрмеге келіп, Иранның ерекше өнерімен жақын танысуға шақырамыз. Көрме 5 мамыр күні сағат 17-де М. Горький көшесі, 59 мекенжайында ашылады.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …