• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен этнографиялық кешен Қазақтардың ХІХ – ХХ ғасырлар тоғысындағы отырықшылдық тұрақжайлары

Қазақтардың ХІХ – ХХ ғасырлар тоғысындағы отырықшылдық тұрақжайлары

Дәулетті қазақ қонысындағы үй. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Бес бөлмеден тұратын, екі еңісті жайпақ төбесіне топырақ төгілген, терезесінің кәсектері шыныланған отырықшылдық тұрғын үй. Бай қазақтар жезбен жабылған шатыржалды төбесі бар үй тұрғыза алған. Тұрғын үйге тошала жапсарлас тұр. Мұндай үйлер ағаштан, тастан, шикі кірпіштен салынған, яғни осындай үлгіде тұрғын үй салынатын жерде мол кездесетін табиғи материал пайдаланылған.


 

 

 



Қоржын үй – бөрене үйі бар қоныс. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Қоржын үй (қарсы үй) – екі камералы үйден үш бөлмелі үйге ауысқан аралықтағы үлгі. Осы нұсқадағы үйлер мұндай атауға қазақ қоржындарының үлгісіне ұқсас болғандықтан ие болған. Ағаш үйлер таулы және орманды аудандарда, атап айтқанда Катонқарағай өңірінде тараған. Халықтың дәулетті бөлігі үй төбесін жұқа тақтаймен жапқан. Тұрғын бөлмелердің төбесі – екі еңісті тақтай шатырмен бөлек шатырланған, сенектің төбесінде – біреңісті шатыр. Қоныс құрамына ағаштан тұрғызылған құрылыстар: ауыз үй, қозы қамайтын, тауық ұстайтын үйшіктер, мал жайлайтын қора енген.



Тас үй. ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр басы

Ертіс өзені алабында тұратын қазақтар сол маңайда мол кездесетін табиғи материалдан, соның ішінде тастан тік бұрышты үйлер салған. Үйлер іргетассыз тұрғызылатын, шатыры екі еңісті болып, жайпақ келген, сырықтармен және шыбықтармен жабылған төбесінің үстіне топырақ төгілген. Терезелері шағын, едені тығыз нығыздалған жер немесе саз балшық болған. Үй екі тұрғын бөлмеден және асүйден тұрады. Тұрғын жай мен шаруашылық құрылыстар (мал қамайтын орын және жабық аула) бір шатырдың астында болып, ортақ есіктен кірген. Мал қора жапсарында – шөп үйетін тас дуал.

 


 

Тошала. ХІХ ғасырдың екінші жартысы

Қазақтардың  отырықшылдық тұрғын жайларының ең көне түрлерінің бірі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында көбінесе асүй және қойма немесе батырақтар тұратын үйжай ретінде пайдаланылған. Үлгісі бойынша киіз үйге ұқсас. Қабырғаларын тастан тұрғызған. Оның ортасына 4 бағана орнатқан, солардың жоғарғы жағына көлденең ағаштар байлаған. Көлденең ағаштардан қабырғаларға қарай сырғауылдар төсеген, олардың үстіне байланған баулар, шыбықтар, шөп тасталатын. Осындай төбенің үстін шым кесектермен жапқан немесе оған топырақ төккен. Төбенің орта тұсынан шаршы келген саңылау қалдырған. Оның астыңғы тұсындағы жер еденге ошақ орнатқан. Тошаланың ішкі жиһазының киіз үй жасауынан ешқандай айырмашылығы жоқ деуге болады.



Дүкен. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Бес еңісті қиық конус үлгісіндегі тақтай шатырлы және терезесі мен кіреберісі бар бесбұрышты ағаш үйдің нұсқасы. Есік біржаппалы. Түтіндігі бесбұрышты ағаш қақпақпен жабылған. Киіз тәріздес үйлерден тік қабырғалы үйлерге ауыспалы аралық болып табылады. Пеш ортада орнатылған. Үйдің жиһазы тура киіз үйдегідей жиналған. Алтайдың барлық жерінде дүкендер кейіннен жазғы үй, немесе шаруашылық үйжайлар ретінде пайдаланылған. Едені – тақтай.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …