No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары


"Бейбітшілік және келісім" кездесуі. 2023

2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.

 

Музей-қорықта «Йога күні». 2023

2023 жылғы 24 маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған, Үндістанның ҚР-дағы Елшілігінің жанындағы  Свами Вивекананда мәдени орталығы мен ШҚО этнографиялық музей-қорығы ынтымақтастығы аясында  Қ. Қайсенова атындағы этнобақта халықаралық йога күні өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш.М.Карибаева, А. Асыл, сондай-ақ йога бойынша кеңесші Е. Н. Пермитина.

Йога күніне қатысушылар ұйымдастырушыларға мереке мен сыйлықтар үшін алғыс білдіреді.

 

Жақсы дәстүрлер. 2023

Зимовьев атындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан келген қонақтарды қабылдау облыстық этнографиялық музей-қорығында жыл сайын жақсы дәстүрге айналған. Ағарту және көпшілікпен жұмыс қызметкерлері сол жағалау кешенінің саябақ аймағына экскурсия жүргізді. Қызмет қамқоршылары алғаш рет үлкен павильонды аралап, онда «Орыс дәстүрлі костюмі» көрмесімен, сондай-ақ «Ақбауыр – бабалар мұрасы», «Ат пен шабандоз» тұрақты экспозицияларымен танысты. Мұнда балалар жұмбақтарды жинап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Саябақтың ең қызықты жерлерін қамтыған пойыздағы экскурсия ұмытылмас сәт болды, әсіресе қонақтарға «Жібек жолы» ұнады. Мекеменің әлеуметтік қызметкерлері мен балалар музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, тағы да келуге тілек білдірді.

 

"Шығыс кәдесыйы-2023". 2023

2023 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында ШҚО мәдениет басқармасының қаржылай қолдауымен "Шығыс кәдесыйы-2023" фестиваль-конкурсы өтті.

Фестивальдар-қолөнер конкурстарын өткізу дәстүрге айналды, жыл сайын іс-шараның орны мен мәртебесі ауысып отырады. Мысалы, 2009 жылы Өскеменде "Шығыс кәдесыйы" 1-ші республикалық фестиваль-конкурсы өтті, оған Қазақстан Қолөнершілер одағының өкілдері мен Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар облыстарының шеберлері шақырылды. Содан кейін фестиваль-байқауға 50-ден астам қолөнерші қатысты. Сол жолы. 2011 жылы Семей қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, таяу шетелдерден: Ресей, оның ішінде Татарстаннан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан 60-қа жуық қолөнершіні жинаған "Асыл мұра" атты халықаралық фестиваль-конкурсы ұйымдастырылды.

Бүгін өткен облыстық фестиваль-конкурсқа облыстың қалалары мен аудандарынан 60-тан астам шебер мен қолөнерші қатысты.

 

Балалық шақ мерекесі. 2023

Солжағалық кешендегі саябақта этнографиялық музей-қорық қызметкерлері дайындаған қала тұрғындары үшін мереке қуанышты әрі ұмытылмастай болды. Таңертең барлық орындарда балалар музыкасы естілді, қазақ және орыс этнографиясының қызметкерлері, АЭТ осында халық ойындарын өрбітті, экскурсия жүргізушілер қызықты вагондарда экскурсияларды оқыды, барлық павильондарда ұлттық әуендер келушілерді қуантты. Хайуанаттар бағы қызметкерлері дайындаған жыл сайынғы «Табиғат және фауна» тақырыбындағы балалар суреттерінің байқауы сәтті өтті.  Ағарту және каөпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Әнші қала» вокалдық байқауы Өскемен қаласының кішкентай тұрғындары үшін есігін айқара ашты. «Ертіс концерт» ұйымының кәсіби музыканттары, Vita дүкенінің демеушілерінің сыйлықтары, көңілді сайқымазақтар, «№19 ЖББОМ» КММ-нің шығармашылық ұжымдары, ризашылықпен келген көрермендер, ең бастысы кішкентай қатысушылардың өздері іс-шараның ашылуын нағыз мерекеге айналдырды. Сайқымазақтар Тёпа мен Растёпа балалармен және олардың ата-аналарымен бірге саябақта шыбын-шіркейлерді ұстап, ертегілер сайыстарын өткізді.

 

Музей-қорықтың 55 жылдығына арналған «Музейдегі түн» аясындағы іс-шара. 2023

2023 жылдың 19 мамыры күні музей-қорықта музейдің мерейтойына арналған «55 жыл достар ортасында» атты жыл сайынғы «Музейдегі түн» акциясы өтті. Қ. Қайсенов атындағы саябақтың орталық сахнасы маңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарды вокалдық және би ұжымдарының мерекелік концерті күтіп тұрды. Саябақтың этноауылында орыстың қима бөренелерінде отырып, қоспа шәй мен ескі орыс рецептерімен жасалған  құймалар ішуге болатын еді. О. Бөкей үйінің жанында «Шабыт» студенттік театрының орындауындағы жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдау мүмкіндігі туды. Сауда қатарында мерекенің барлық қонақтарын қолдан пісірілген кондитерлік өнімдер мен самауырдың шәйі күтіп тұрды. Саябақ алаңдары мен музей ғимараттарында ойын-конкурстық бағдарламалары, шыныға сурет салу, қол өнері, халық және үнді билері бойынша шеберлік дәрістері, сондай-ақ, флэш-мобтар, викториналар және музей экспозициялары бойынша экскурсияларф өтті.

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына, сондай-ақ Қ.Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына, ШҚО бірінші әскери ұшқышы Ж. Малдыбаевтың 116 жылдығына арналған "Бұл күндердің даңқы өшпейді"экскурсиялары өткізілді. 2023

2023 жылғы 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында Ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш. М. Карибаева, Асыл А. ҰОС Жеңісінің 78 жылдығына, сондай-ақ Қ. Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына, ШҚО бірінші әскери ұшқышы Ж. Малдыбаевтың 116 жылдығына арналған " Бұл күндердің даңқы өшпейді" атты іс-шараларды Өскемен қаласының №7,9,38,39,9  мектеп оқушылары үшін өткізді. Келушілердің назарына музей-қорықтың қор коллекциясынан алынған экспонаттардан шағын көрме ұсынылды: ҰОС ардагері, ҚР бірінші Қорғаныс министрі С. Нұрмағанбетовтың салтанатты кителі, әскери гимнастерка, фуражка және пилотка,  Е.Ф. Неделеявтың Германия мен Жапонияны жеңгені үшін орден мен медаль; әскери фляжка және Қ. Герасимовтың трофейлік қасығы; әскери сөмке және оқ салуға арналған сөмкеше, командир планшеті.

 

 

"Жеңіске пара-пар". 2023

Жеңіс күні қарсаңында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскерлері "Жеңіске пара-пар" атты квест өткізді. Іс-шараға қатысушылар 1-ші мерген; 2-ші минорлы-мергендік; 3-ші өте құпия; 4-ші госпиталь; 5-ші сазды; 6-шы нағыз батырлар; 7-ші қарышты қадам сынды 7 бекеттен өтті. Балалар кедергілерді қуана-қуана жеңді, атап айтқанда, жазбаларды іздеді, сұрақтарға жауап берді, өлең оқыды, арқан тартысты, ән шырқады. Балалар Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін, сондай-ақ, спорттық дағдылары мен тапқырлықтарын көрсетті. Барлық командалар жобаны ұйымдастырушылар тарапынан грамоталармен марапатталды. Іс-шараға 45 адам қатысты.

 

 

"Біз – батырлар ұрпағымыз". 2023

Этнографиялық музей-қорығы ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің   әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі  әдіскерлері Отан қорғаушылар күні қарсаңында "№8 ОМ" КММ-ның 11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ, 27943 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Е.А. Бақтығазинмен кездесу өткізді. Балалар қазіргі Қазақстан армиясындағы қызметке қызығушылық білдіріп, түрлі сұрақтар қойды. Спорттық ойындар, автоматты талдау мен қайта жинастыру тек ұлдарды ғана емес, қыздарды да «біріктірді». "Біз – батырлар ұрпағымыз" сынды іс-шаралар жастарымызды патриотизм рухында және иық белгі таққан (погон) адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелейді.

 

Абай облысының тумасы Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай "Парижді жаулап алған дала дауысы" атты іс-шара өткізілді. 2023

2023 жылғы 25 сәуірде музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Ш. М.Карибаева, Асыл А. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен әнші-орындаушы, Абай облысының тумасы Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай "Парижді жаулап алған дала дауысы" атты іс-шара өткізді.   Іс-шарада Ә.Қашаубаевтың тірі кезінде жазылған әндері шырқалды, сондай-ақ музей-қорықтың қор коллекциясынан шағын көрме ұсынылды.  Іс-шараны қамту 28 адам.

 


 

"Фотоаппараттар топтамасы". 2023

2023 жылғы 18 сәуірде этнографиялық музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ю.Е. Курдакова  «Музей архиві» циклынан "Фотоаппараттар топтамасы" атты іс-шара өткізді. "Спутник"  аула клубының балалары фотосуреттің пайда болу тарихы туралы ақпарат  тыңдады, музей фотографы С. Суровпен әңгімелесу олардың өнердің осы бір түрі туралы білімдерін кеңейтті. Балалар әртүрлі кезеңнің фотоаппараттары, сондай-ақ, стереоскоптың бірегей жәдігері ұсынылған көрмемен қуана танысты. Іс-шара қызықты әрі өте  танымдық деңгейде өтті.

 

«Туған күн иесінің күні». 2023

2023 жылғы 3-14 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскерлері қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына арнап «Туған күн иесінің күні» атты театрландырылған қойылым өткізді. Балалар этнографиялық дәстүрлерде  көңілді де топтасқан күйде достарын құттықтап, үй иесінің мекенінде болды, Жұлдызшамен және Хоттабыч қартпен кездесті, Лол қуыршағымен модельдер көрсетілімін өткізді. Онда ешкім де назардан тыс қалған жоқ: құттықтаулар, ойындар мен байқаулар, ертегілерге саяхат, сыйлықтар беру – бүкіл іс-шараға  мерекелік ауан берді. Ерекше өткен бағдарламаға 300-ден астам бала қатысты.

 
Еще статьи...


Страница 1 из 51

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …