• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


Менің Отаным – менің Тәуелсіз Қазақстаным. 2019

2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері А.А. Григорьева мен О.М. Байғонысова «Менің Отаным – менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты виртуалды дәріс-әңгіме өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласындағы №4 орта мектептің 3 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 30 адам.

Балалар дәріс барысында мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі басты оқиғаларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осынау тарихи маңызды үдеріс жылдарында сіңірген еңбегін кеңінен танып-білді. Онда сонымен қатар еліміздің тамылжыған  табиғаты, табиғат сұлулығының қазақстандық суретшілердің еңбектері арқылы қалай суреттелгені, оларға тұмса табиғат қалайша шабыт бергені және суретшілерлің олар арқылы туған жерге деген махаббаттарын жеткізу сырларымен танысты. «Қазақстан Республикасының картасы», «Еліміздің рәміздері», «Мақал-мәтелдерді жинақта», «Картинаның атын ата» сынды конкурстар өткізілді. Дәріс барысында қалалар мен еліміздің табиғаты жайлы  баяндайтын бейнекөріністер көрсетілді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.


 

 

Қысқы маусымның ашылуы. 2019

2019 жылдың 15 желтоқсанында, жексенбі күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қысқы маусым ашылады. Ол салтанатты жағдайда өтеді. Қазір кешен аумағында мұз айдыны жасалған, ал Халифа Алтай мешіті жағынан кіретін тұсында балалар спорт мектебінің сырғанаушылары өнер көрсетеді. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі ойын-конкурстық бағдарлама аясында арқан тарту және ептілер байқауын өткізеді. Ал орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері көрермендер ортасында сырнай   сазымен хоровод шырқамақ. Мерекелік бағдарламаға «Бастеньки» фольклорлық ансамблі қатысады. Жас келушілерді де небір көңілді шаралар күтуде. Олар үшін «Достар ортасында» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылады. Ал «Шамаң жетсе, қуып жет» атты эстафетаға  салтанатқа жиналған кез келген адам қатыса алады.

 

Әбіш Кекілбаев туралы фильмдер. 2019

Музей-қорық қызметкерлеріне жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы баяндайтын «Самғау» атты деректі фильм көрсетілді. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев (1939-2015) - қазақстандық қоғам және  саяси қайраткер, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филолог, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және  Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры.

 

Уақыт – барлық оқиғаның өлшемі... 2019

9 желтоқсан күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Жадыра Рахатова №20 орта мектептің оқушыларына Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Қазақстандық ұлы жол» атты дәріс оқыды. Онда тәуелсіз республиканың қалыптасуы мен Қазақстанның жарқын жолы жайлы әңгіме өрбіді.

 

Өткеннің тереңінен... 2019

Бос уақытыңызды ұлы ата-әжелеріңіз бен ата-апаларыңыз сияқты өткізгенді қалайсыз ба? Музей-қорықта қысқы кеш өтіп жатқан кезде келіңіздер. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев: «Бұл кезіндегідей клубтар, би кештері көп болмаған кеш. – Осындай кештерде кездесіп, танысып, билеген. Біз орыс мәдениетіне қызығушылық танытатындардың бәріне дәл сол кезде билегендей ежелгі билерді де, сол кезде ойнаған ойындарды да үйретеміз», - дейді.

 

Экскурсия по культовым объектам - познание истории. 2019

Халифа Алтай мешітіндегі ислам мәдениеті музейінде қандай жәдігерлер сақталады? Өскеменнің көне шіркеулерінің бірі Стрелка ықшам ауданындағы Қасиетті Троицк храмы қай кезде тұрғызылған? Рим-Католик шіркеуіне Қасиетті Розарияның Қасиет қонған Дева Мариясының келуінің ерекшелігі неде? 2019 жылдың 5 желтоқсаны күні Өскемен қаласындағы №30 орта мектептің 8 сынып оқушылары олар туралы музей-қорықтың халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімінің меңгерушісі Татьяна Свахинаның ғибадат ететін нысандарға экскурсия барысында   айтқан әңгімесінен естіп-білді. «Біздің қалада әлемнің басты үш дінінің ғибадат ету нысандары бар, - дейді Татьяна Евгеньевна, - біз көшпелі экскурсияларға қатысушыларды олармен үнемі кеңінен таныстырамыз. Бұл жолы оларды әр жерлерде:  мешітте мешіт қызметкері Руслан Қанферов, Андреев соборында иеромонах Силуан (Могилев)  және Рим католик шіркеуінің кіреберісінде  о. Серафим  мен Франческа әпке қарсы алды».

 

Орыс сүлгісі Алтай қаласындағы көрмеде. 2019

2019 жылдың 28 қарашасы күні Алтай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің өлкетану залында «Алтайдың орыс сүлгілері» атты көшпелі көрме ашылды. Оны  ұйымдастырушылар – музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері. Қөрмеде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер қойылды, оның ішінде  орыстың 50 дәстүрлі орамалы бар. Олардағы өрнектердің саналуандығы таңдай қақтырады. Орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлевтің айтуына қарағанда, сүлгілердегі өрнектер мейірімділік күші мен амандық сыйлап, адамды жамандықтардан қорғайтын болған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалалық сән  үрдісінің әсерінен шаруа кестесінде айқаспа техникасында орындалған жұмыстар кеңінен тарайды. Біздің аймақтағы өрнектердің негізгі түрлері – мәңгілік қозғалыс символы болып саналатын свастика мен ромб. Көрмеде орын тепкен сүлгілердегі ескілікті өрнектер арасында «сабынды өрнектер» делініп кеткендері де бар. Олар «Товарищество Брокар и Ко» атты фирма шығаратын дәретхана  қағазының орамаларынан көшіріліп алынған. Ресей жерінде ХХ ғасырдың басында танымал болған бұл фирма жарнама мақсатында сүлгілерде кеңінен пайдаланылатын сабынға арналған орамалардың орыс мәнеріндегі айқаспа кестесінің схемасын басатын болған.

 

Менің елімнің Тұңғыш Президенті. 2019

Музей-қорықтың әртүрлі бөлімдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алу жөніндегі өз бағдарламаларын дайындады. 29 қараша күні ақпараттық-ағартушылық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен осы бөлімнің маманы Анастасия Григорьева ШҚО білім басқармасы жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері үшін «Менің елімнің Тұңғыш Президенті» тақырыбында виртуалды дәріс өткізді. Балалар Ұлт Көшбасшысының өмірі мен қайраткерлігі жайлы әңгіме тыңдады. Іс-шарада «Мемлекет басшысы» атты деректі фильмнен үзінділер көрсетілді.

 

Н.Ә. Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы. 2019

Тұңғыш Президент күні облыстық  драма  театрында салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, діни және қоғамдық бірлестіктердің, мәдениет және білім саласының өкілдері мен студенттер қатысты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жиналғандарды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.

Театр фойесінде орын тепкен «Н.Ә. Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы», «Н.А. Назарбаев – Лидер Нации» атты көрме мерекеге ерекше рең берді. Оны музей-қорықтың көрме-экспозициялық бөлімінің қызметкерлері дайындады. 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жеткен еді. 2012 жылдан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі. «Қазіргі заман ақиқатында, - делінген көрменің аннотациясында, - мемлекеттің ерекше мәртебесі, көбінесе оның көшбасшысының тұлғасы арқылы айқындалады және  ол бүкіл қалыптасу кезеңінде елдің даму бағытын айқындайды.  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұрақты Көшбасшысы. Еліміз оның басшылығымен бұрын-соңды жетпеген биіктерге қол жеткізіп, әлем таныған елге айналды».

 

Семейде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер көрмесі ашылды. 2019

27 қарашада Семейдегі Абайдың  мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында Өскемендегі облыстық музей-қорық қорынан алынған  «Суретші Болат Исин туындыларындағы жазушылар шығармашылығы» атты көрме ашылды. Музейаралық әріптестік шеңберінде ашылған көрмеде Болат Исиннің қазақтың ұлы ақыны Абай мен оның шәкірттері Шәкәрімнің, Әсет Найманбайұлының, Төлеу Көбдікұлының, жазушылар Мұхтар Әуезов пен Оралхан Бөкейдің, Қайым Мұхамедхановтың туындылары желісінде кескіндемемен және акварельмен салған жұмыстары қойылды.

 

Музей-қорықтың болашақ резерві. 2019

Музей-қорықта Қазақстан-Американ еркін университеті (ҚАЕУ) колледжінде «туризм» мамандығына оқитын студенттердің тәжірибеден өту  мерзімі аяқталды. Тәжірибе Жастар жылы аясында өтті. Студенттер ай көлемінде экскурсия жүргізуші маман жұмысының қыр-сырынан хабардар болды. Ақпараттық-ағарту бөлімі мен экскурсиялық қызмет көрсету секторындағы аталған мамандықтың бір бағыты осындай. Олар бөлімдер қызметкерлерінің көмегімен музей-қорық құрылымына қатысты барлық жұмыспен, сондай-ақ, экскурсия жүргізушінің жұмыс ерекшеліктерімен танысты.  Студенттер тәжірибеден өту қорытындысында арнайы тақырыптар бойынша экскурсия мәтінін дайындады. Ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның сөзіне қарағанда, қазір олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мультимедиялық ресурс бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде Орыс музейіне өтінім жіберілді, ал желтоқсан айында ол жақтағы конкурсқа материалдар жіберілетін болады.

 

Бұл біздің тарихымыз! 2019

Музей-қорық 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуға дайындалуда. 25 қараша күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты фестивальда қазақтың ұлттық шығармашылығы бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Ол Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық Достық үйінде өтті. Көрмеге Семей қаласынан келген шеберлер Айман Боқпасарова мен Сәкен Назархан,  ұландық шебер Сайлан Мұкаметбек қатысты. Онда сырмақтар, төсеніш-кілемдер, ағаштан жасалған ыдыстар, «біз кесте» мәнерінде кестелене тігілген майлықтар, жастық тыстары мен көрпешелер қойылды. СҚӨ бөлімінің меңгерушісі   Райса Мұхамеджанова музей-қорық қорынан алынған ағаш тақтайшаларды, киіз бен фетрден жасалған бұйымдар мен басқа да заттарды қойды.

 


Страница 9 из 28

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …