• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Шығыс Қазақстанға сапары кезінде 25 сәуір күні музей-қорығында болды. Дипломат музей директоры Медет Нұрғалиевпен бірге көрме залдары және Солжағалық кешен аумағын аралады.

Толығырақ...

 

Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2019

14 сәуір күні «Жастар» саябағында Қазақстандағы Ғашықтар күніне арналған мереке аталып өтті. Келушілер «Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекеде қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысып, концертті тамашалады.

 

Орыс сүлгісі әлемі. 2019

12 сәуір күні,  «Алтай» көрме залында орыс этнографиясы бөлімі әзірлеген «Орыс сүлгісі» атты көрме ашылды. Көрмеде музей-қорық қорынан алынған екі жүзге жуық сүлгілер ұсынылған. Көрменің салтанатты ашылуына «Бастеньки» ансамблі  және «Прялица» балалар фольклорлық ұжымы қатысты.

Толығырақ...

 

Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы. 2019

Музей-қорықтағы мекеме қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы» атты шығармашылық байқауы өткізілді. Балалардың барлық жұмыстары Солжағалық кешеннің әкімшілік ғимаратына қойылды.

 

Музей-қорықтың жоғары оқу орындарымен әріптестігі. ҚАЕУ-дің «Ұлы даланың жеті қыры» атты олимпиадасы: өткен шақ бүгінгіні айқындайды. 2019

2019 жылдың 30 наурызы күні сағат 10.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан-Американ еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы 29 мектептің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша олимпиада болып өтті.

 

Көрме жабылды, әріптестік жалғаса береді. 2019

26 наурыз күні музей-қорықта «Тамсандырған Шығыс Қазақстан,  әсемдігімен баураған Қытай» атты көрме салтанатты түрде жабылды. Жабылу салтанатында Қытай Халық Республикасының өкілдері болды.

Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет болып өткен осынау іс-шара нағыз ірі шеңбердегі мәдени-туристік көрме болды деді ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының консулы Мяо Хунбо мырза. Ол  аталған көрме ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен ҚХР-дың Алматыдағы консулдығының бас консулы Чжан Вэем арасында болған кездесуде қол жеткізілген келісімнің нәтижелі жүзеге асуы деп атап өтті.

 

«ШҚО әзірбайжандарының мәдени мұрасы» Новруз мерекесінде. 2019

Наурыз  көктемнің алғашқы белгілері көрінетін, Жаңа жыл келетін тамаша кез. Наурыз мейрамын негізінен мұсылман мемлекеттерінде тойланса да, діни мейрамға жатпайды, себебі, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңаруы халққа жақсы әсерін тигізіп, асыға күткен мейрамды дүркірете тойлайды.

 

Табиғаттың түлеу және жандану мерекесі. 2019

22 наурызда Өскемендегі Республика алаңында Наурызды мерекелеуге арналған іс-шаралар болып өтті. Оған музей-қорық та қатысты.

Мерекелік аумақта орын тепкен жеті киіз үйдің әрқайсысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының әрбір тарауына арналды. Олардың бәріне дерлік музей-қорықтың қорынан алынған жәдігерлер қойылды.

 

Көңілденіп, ән шырқап, жақсылықты паш еткен. 2019

Музей-қорықта көгілдір көктем мен тіршіліктің жаңаратын кезеңі – Наурызды қарсы алуға арналған іс-шаралар жалғасуда. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің  қызметкерлері балалармен «Наурыз тойында ойна да күл!» атты бағдарлама өткізуде.

 

Наурыз – жүректерге жылылық сыйлайтын мереке. 2019

Музей-қорықта көктемнің басты мейрамы – Наурызға арналған іс-шаралар басталып кетті. Қазақ этнографиясы бөлімі   оқушыларға арнап, қазақ халық ертегілері мен аңыздарындағы кейіпкерлердің  қатысуымен өтетін танымдық бағдарлама әзірледі.

 

Масленицаға арналған мерекедегі қолөнершілер көрмесі. 2019

10 наурызда облыстық Достық үйінде жергілікті қолөнер шеберлері  бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған Масленица мерекесі болып өтті. Көрмені ұйымдастыруға музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі атсалысты.

 

Аман Мұқажанның музей-қорықта өткен «Дала аңызы» атты көрмесі. 2019

5 наурыз күні сағат 16.00-де Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрме залында қазақстандық белгілі зергер Аман Мұқажанның (Алматы қ.) «Дала аңызы» атты көрмесі ашылды. Аталған іс-шараның сұлулық пен жаңару мерекелері – халықаралық  әйелдер күні мен Наурыз мейрамы қарсаңында өтуі ерекше болды.

Толығырақ...

 


Страница 13 из 28

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …