Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!

Белгілі ғалым-мифологқа арналған халықаралық конференцияға қатысу. 2018

Рухани жанғыру

Маусым айының басында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Серікбол Қондыбай мұрасы: әлемдік мифологияның дамуына жаңа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оның жұмысына музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинова да қатысып қайтқан еді.

 Конференцияны Маңғыстау облыстық әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы Yessenov Universityмен ( Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) бірлесіп өткізді. Оған республикамыздың жиырмаға тарта белгілі ғалымы мен қоғам қайраткерлері, оннан астам мифология, философия, тарих, зтнология және археология саласының білгірлері, сондай-ақ, АҚШ-тың, Түркияның, Ресейдің, Түркіменстанның, Әзірбайжанның, Қырғызстанның зерттеу орталықтарының арнайы шақырылған өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты: арғы қазақтар мифологиясын зерттеудің негізін салушы,  артында көптеген ғылыми еңбек қалдырған ғалым Серікбол Қондыбайдың отандық ғылымдағы шығармашылығын айқындау.

   

Музей-қорықтың Этноауылындағы «Сабантой-2018» мерекесі. 2018

Рухани жанғыру

Солжағалық кешеннің Этноауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде татарлардың Астананың 20 жылдығына арналған ұлттық мерекесі болып өтті. Мерекені облыстық Достық үйіндегі татар этно-мәдени бірлестігі мен музей-қорықтың қызметкерлері бірлесіп өткізді.

   

Астана - болашақтың қаласы. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылдың 15-18 маусымы аралығында  музей-қорықтағы ақпараттық білім беру бөлімінің мамандары Өскемен қаласының               №30 орта мектебінің  жасы кіші оқушыларына және «Мега интеллект» табыс Академиясының тыңдаушыларына арналған «Астана - болашақтың қаласы»  атты интерактивті экскурсия жүргізді.

Экскурсия барысында балалар  тәуелсіз Қазақстанның Елордасы Астана қаласының құрылу тарихымен танысты.  2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйек аралығында өткен «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған Көрмесі туралы айтылып, негізгі көрнекті орындарға саяхат жасалды. «Менің елордам - Астана» викторинасы жүргізілді. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Алтынай Жорабаеваның «Астана» әні пайдаланылды.

   

Қазақстан халықтарының бірлігі музей ісін жүзеге асыруда. 2018

Рухани жанғыру

Представители  Ассамблеи народа Казахстана побывали в Этнодеревне Левобережного комплекса

Музей-қорықтың Солжағалық  кешенінде болған  Қазақстан халықтары Ассамблеясы Хатшылығы  меңгерушісінің   орынбасары  Нәзипа Шанаи: «Бұл - Қазақстандағы ерекшелігі  қайталанбас    жалғыз  кешен» - деген пікірін білдірді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) Хатшылығы  меңгерушісінің   орынбасары Нәзипа Шанаидың қатысумен Өскемен қаласында     ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы жағынан Қазақстан халықтары  Ассамблеясының мәселелері  жөніндегі  семинар өтті. Семинардан және достық Үйіндегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен  кездесуден кейін Назипа Шанаи облыстық ШҚО Қазақстан халықтары Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Асқар Нургазиевпен  және ҚХА мүшесі Лео Шикомен бірге Солжағалық кешенде  болды.  Музей-қорық  директорының орынбасары Тамара Быкова қонақтар үшін шолу  экскурсиясын жүргізді.

   

Халықаралық Балаларды қорғау күні. 2018

Рухани жанғыру

Отдых детей

1 маусымда музей-қорықтың Солжағалық кешеніне Халықаралық Балаларды қорғау күнін атап өту үшін әр жастағы балалар келді.

Саябақта балалардың көңілді де, танымды демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Осы күннің көпке дейін есте сақталуы үшін  музей-қорықтың қызметкерлері Балалар қалашығында  доктор Айболит қатысқан театрландырылған көрсетілім қойды.  Сценарий бойынша   1-ші және 4-ші сынып оқушылары жоғалып кеткен күшікті табу үшін уақытша ізкесушіге айналды. Бұл үшін оларға күрделі тапсырма орындау қажет, яғни қиын сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жасырына білетіндігін көрсетулері, сондай-ақ ағаш керіктерді басқарып, тіпті бүршіктермен... атыса білулері тиіс болатын. 

   

Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған халық зиялысы: Әлихан Бөкейханов. 2018

Рухани жанғыру

лекция «Репрессированная интеллигенция Казахстана: Алихан Букейханов»

2018 жылғы 31 мамырда музей-қорықтағы ақпараттық білім білім беру бөлімінің мамандары саяси қуғын-сүргін құрбандарын  еске алу Күніне арналған   "Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған халық зиялысы: Әлихан Бөкейханов"- атты дәріс жүргізді.

 Дәріске стандарттау және сертификаттау институты РМК ШҚ филиалының  қызметкерлері қатысты. 

   

ШҚО сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының экспозиция құру тәжірибесінен. 2018

Рухани жанғыру

Конференция Культура в евразийском пространстве: традиции и новации

2018 жылғы 23-24 мамырда орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері Е.Ю.Рахматулина Алтай мемлекеттік мәдениет институтының (Барнаул, РФ) базасында өткен «Еуразиялық кеңістіктегі мәдениет: дәстүрлер және жаңарулар» атты  IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Е.Ю. Рахматулина «Аймақтың әлеуметтік-мәдени кеңістігіндегі музейлер» секциясының отырысында «ШҚО сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының экспозиция құру тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасады.

   

Халықаралық «Менің орыс музейім» конкурсындағы жеңіс. 2018

Рухани жанғыру

Русский музей: виртуальный филиалМультимедиалық ресурстардың «Менің Орыс музейім»  атты VII халықаралық   конкурсында Семей қаласының оқушы қызы музей-қорықтың «Орыс музейі: виртуалды филиал» ақпараттық-білім орталығының қолдауымен 3-ші орынға ие болды.

Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейі  өткізген конкурс осы музейдің ашылғанына 120 жыл толуына орайластырылған болатын. Бұл мерейтой биыл атап өтілген еді. Сондай-ақ конкурс «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты халықаралық ағартушылық жобаның 15 жылдығына да арналды.  Оған қатысуға балалар да, ересектер де, яғни Орыс музейі виртуалдық филиалдарының қызметкерлері  мен келушілері шақырылды.

   

Музей достарының тартулары. 2018

Рухани жанғыру

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында

«Музей достарының тартулары» атты көрме ашылды. Көрме музей-қорықтың 50-жылдық мерейтойына арналады. Көрмені халықтар этнографиясы мен шағын этнотоптар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Көрме Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін консулдықтар мен елшіліктердің, өнер және мәдениет қайраткерлерінің, мұражай-қорыққа келген қонақтардың әр жылдарда тарту ретінде тапсырған заттарынан ұйымдастырылған.

   

Киіз үйлер фестиваліне музей-қорық та қатысты. 2018

Рухани жанғыру

Фестиваль юрт с участием музея-заповедника

Музей-қорық Өскеменнің ипподромында киіз үйлер қалашығын дайындауға белсенді түрде атсалысты.

Мұнда облыс әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан ХХI-ші халықтық спорт ойындарының аясында киіз үйлердің «Бір шаңырақ астында» атты облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Ойындар Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған. Жобалардың тұсаукесерлері мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтуде.

   

Халық сауаттылары. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 20 мамырда Достық Үйінде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Халық сауаттылары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Славян мәдениеті мен жазуы күніне арналған көрмеде  орыс мәдениеті жөніндегі этнографиялық бұйымдар: тоқылған белбеулер, сүлгілер, төсекаяқ фрагменті, доғалық қоңыраушалар, ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ескібаспалық кітаптар келушілер назарына ұсынылды.

   

Музейдегі ұйқысыздық. Деревнядағы отырыстар. 2018

Рухани жанғыру

Музейная бессонница. Деревенские посиделки2018 жылғы 16 мамырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жалпымузейлік «Музейдегі ұйқысыздық» атты іс-шара  құрамында орыс этнографиясы бөлімі «Жастар» этнобағының этноауылындағы «айқас байланыс» ауласында «Деревнядағы отырыстар» атты театрландырылған іс-шара дайындап, өткізді. Бағдарламада: дәстүрлі музыкалы «Бастеньки» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, қонақтарға самауырдың шәйі, дәстүрлі орыс сусыны ұсынылып, «шаруа үйіне» фонарь жарығымен экскурсия ұйымдастырылды. Осылардың нәтижесінде келушілер ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Кенді Алтайда тұрған орыс шаруаларының деревнядағы өмірімен танысып қайтты.

   

Страница 1 из 13