• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Мерейтойлық «Жыл мезгілдері» көрмесі. 2017

Мерейтойлық «Жыл мезгілдері» көрмесі. 2017

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында 7 сәуірде алғаш  рет риддерлік  суретші Валерий Ноздрин картиналарының «Жыл мезгілдері» атты дербес көрмесі ашылады.

Экспозицияға 46 кескіндемелік туынды енген, олардың әрқайсысы   - суретшінің қоршаған ортаға деген көзқарасын паш етеді. Қылқалам шеберінің  көңіліне жағымды жанры – пейзаж. Валерий Ноздриннің табиғатқа деген өзіндік қарым-қатынасы бояу мен қылқалам арқылы мүмкін еместі дүниеге әкеледі,  яғни керемет бір тылсым дүниені – хош иістердің және сәл ғана естілгендей болып, тыныштыққа ауысатын дыбыстардың сиқырлы аурасын сезіндіреді. Табиғатқа еліктеу – оның формалары мен түстерінің сиқырын көре білу деген сөз. Оның туындылары күнделікті үйреншікті дүниеге жаңаша қарауға үйрететін және әркімге өзіндік бір сезімнен туындаған керемет эмоциялар толқынын сыйлайтын картиналар деуге болады.

Валерий Ноздриннің картиналарында шығысқазақстандықтардың сүйікті жерлері  -  Иванов жотасынағы самырсындар да, күркіреген Разливанка өзенінің суы да, Поперечное селосының маңайы да, Бұқтырма суқоймасының жағалаулары да көрініс тапқан. Суретшінің картиналары көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Және де олар сұранысқа ие. Суретшінің туындылары Израильдегі, Америка Құрама Штаттарындағы, Германиядағы, Италиядағы, Швециядағы жеке коллекцияларда сақталуда. Оның алғашқы дербес көрмесі Риддерде өтті және де келушілердің ерекше ықыласына бөленген болатын.

– Мен тұратын жерде жұмыс істемеу мүмкін емес, – дейді Валерий Сергеевич. – Бәрін салғанды ұнатамын. Мені күннің шығуы мен батуы, судың сылдыраған ағысы, көгалдағы шөпті толқыта соғатын жел, жаңбыр тамшылары, сайраған құстар шабыттандырады. Әсіресе, түн, жұлдызды аспан жаныма жақын.  Табиғаттың құпиясын ашып, оны кенепке сол күйінде түсіре білудің өзі мен үшін қызық болып табылады.

Валерий Ноздрин 1947 жылғы 11 қаңтарда Башкирияда өмірге келген. Оның үш жасында  ата-анасы Риддерге қоныс аударады және  суретші осы қаланы отаным деп есептейді. Лениногор полиметалл комбинатында безендіруші-суретші болып еңбек еткен. Өзі туралы, ылғи да сурет салып жүретінмін дейді, 15 жасында майлы бояумен картина сала бастаған.

Риддерлік суретшінің кескіндемелік кенептері табиғаттан алған сезімдер мен әсерлердің барлық байлығын бере білген. Суретшінің әрбір туындысымен жақын танысқан сайын суретші шығармашылығы туралы толыққанды түсінік алуға болады.

Мерейтойлық көрмеге келіп, пейзажды кескіндемені тамашалауға шақырамыз, ол 7 сәуірде сағат 15.00-де М. Горький көшесі, 59 мекенжайында ашылады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …