• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Ақмурзинова Ғ. «Торсықты бедермен өрнектеген...»

Ақмурзинова Ғ. «Торсықты бедермен өрнектеген...»

Дала жұпарынан нәр алған халық өнерінің қоңыраулы үні, өзіндік бояуы, адамзатты таңдандырар тамашасы бар. Ол қазақ халқының табиғи және рухани өмірі жайлы ерекшеліктерінен хабардар етеді.

Қазақтардың табиғи мәдениеті туралы сөз болса, ең алдымен олардың қолданбалы өнерінің дамуын, киіз үйлерін жақсы безендіре білуін, теріден әсем өрнектелген бұйымдарын, ер-тұрман сияқты ат әбзелдерін, тағы басқаларды жасау шеберлігін бірінші кезекте еске алу қажет.

Облыстық этнографиялық мұражайдың «Алтай» көрмелік залы қалпына келтіріліп, қайта жабдықталған соң онда қойылған заттарды қызықтаушылар мен қалаға қонақ ретінде келушілерді тәнті еткен теріден жасалған көне ыдыстар, сирек кездесетін және бірегей көзайымдарының «Жоғарғы Ертіс қазақтарының  ХҮ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың  бірінші жартысындағы этнографиялық мұралары» тұрақты  экспозициясы ашылды.  Мұражай қорындағы теріден  жасалған көне бұйымдардың көптігі олардың сол кездерде өмірге келгенін дәлелдейді.

Қазақ колөнеріндегі көзтартарлықтай бұйымдар түрлерінің бірі – былғарыны батырмалап өрнектеу арқылы жасалған тұрмыстық заттар. Тері илеуші қазақтар ерте кезден бері теріден ат әбзелдері, әйелдер мен еркектердің белбеулері, сандықтарды бууға арналған орамалдар, сонымен қатар әсем өрнектелген ыдыс-аяқтар, түрлері мен көлемдері әртүрлі местер мен торсықтар жасай білген. Ежелгі қазақтарда тіпті шонжарлар арасында сирек ұшырасатын, үй қабырғасына сән беретін тері тұскиіздер жасау дәстүрге айналған. Ал тері тұскиіздер жасау көп уақыт жұмсау, ауыр еңбекпен келетін шеберлік саналатын.

Шеберлер тері бұйымдарды  былғарыға жоғары қысыммен рельефті өрнек салу, сонымен қатар оларға осындай тәсілмен жасалған металл табақшалар мен бедерлі қаңылтырлармен жапсырумен безендірген. Киіз бұйымдар сияқты, теріге, металға және тоқыма бұйымдарға  да көз тартатын ою-әшекейлер салынған.

Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарын жасау үшін иленген жылқы, ірі қара мен түйе терілері қолданылатын. Оларды өңдеу «и» деп аталатын қатты ашыған (божыған, быршыған) сүт өнімдерінің көмегімен жүргізіледі. Жылы суға салып жұмсартқан соң  теріні  шелдеп (қалған май мен еттен қыру арқылы тазалап), иге бірнеше күн салып қояды. Иде тұрған тері жүні жидіп, өзінен-өзі түсіп қалады. Иден алынған теріні жазып, тұзды жылы сумен жуады да кептіреді. Кепкен теріні егер жұқа болса, қолмен уқалап жұмсартады. Ал ірі мал терісін әбден жұмсарып, пайдалануға жарамды болғанша талқымен (келісапқа ұқсас өңдеу құралы) түйіп, ұрғылайды.

Тері өңдеу өнерінің ерекше түрі оған арнаулы жасалған қалыпты пайдалану арқылы бедер салу. Оған беткейлеріне бірдей (бір-бірінен айнымайтын)  бедер салынған, беттестірген кезде бір-бірімен жымдасып, сәйкес келетін,  бедерлері өзара кірігетін екі тақтай алынады. «Жағлан» деп аталатын тері сандыққа бедер сондай тәсілмен жасалады. Жағлан ағаштан жасалып, сырты терімен қапталады. Сандықтың алдыңғы жағы мен қақпағына қысу арқылы өрнектелген бедер салынады.

Мұражайда жұрт назарына сирек кездесетін де қайталанбас, теріден жасалған заттар мен бұйымдар, олардың ішінде түрі, көлемі мен өңдеу ерекшеліктері бір-біріне ұқсамайтын тері ыдыстар ұсынылған.

Халқымыздың сүйікті сусыны қымыз екені белгілі. Ақын Андрей Беляевтің оның қасиетін «Қыз бен қымыз» деген өлеңінде:

«Даланың салқын қымызын,

Әкеледі әне қыз.

Сізге де құйып береді,

Болса егер дәмеңіз.

Ақ көбікті бал сусын,

Тілді үйіріп барады.

Бірте-бірте салқыны,

Көмекейді қамады.

Қышқыл дәмді, шипалы,

Сүті ғой бұл биенің.

Ыстықта ішкен қымызың,

Жүрекке жеңіл тиеді,» – деген адам жанына жағатын жыр жолдарымен өрнектеген.

Аталған шипалы сусын сақталатын тері ыдыстардың бірнеше түрі бар. Қымызды салқын етіп сақтау мен алып жүруге арналған сондай ыдыстардың бірі – торсық. Өскемен қаласының М. Горький көшесі, № 59 үйдегі орынжайда орналасқан этнографиялық мұражай экспозициясында сүт өнімдерін сақтайтын осындай ыдыс та бар.

Қымыз құюға арналған торсықты Сержан Бәшіров қалпына келтірген. Малдың бітеу сойылған терісінен жасалған, тар мойынды бұл ыдыстың тығыны бар. Сопақша болып келетін оған үлкен қысым арқылы анық көрінетін оюлы бедер салынған. Беткейінің нақ ортасында басты бедер ретінде  шеңбер салынған. Бұл шеңбер ежелгі ата-бабаларымыздың бір кезде күнге табынғанын білдіреді. Шеңбердің ішінде «қойдың мүйізі түріндегі екі ою бар. Шеңбердің  үстіңде және астыңда жақтауланған «шексіз» және «қиынды» түріндегі екі әшекей салынған. Батырмамен өрнектеудің ансамблін «шексіз» түріндегі әшекей аяқтап, торсықтың бүйірінде өріліп терілген араб әріптерімен жазылған сөздер бар. Бұл ыдыс ХХ ғасырдың 30-шы жылдары жасалған деген болжам айтылады.

Бұл күндері теріден ыдыстар жасаудың көптеген технологиясы назардан тыс қалып, ұмыт болған. Олардың мүлде жоғалмай, біртіндеп өмірге қайта оралуы қазір ортамызда жүрген тері өңдеушілердің ескіні жаңартып, қалпына келтіруге деген талмай ізденістерінің нәтижесі.

Қазақ асүйінің ыдыстары түрлері мен  қолданылу аясына қарай әртүрлі болған. Сүт өнімдерін сақтайтын тері ыдыстардың келесі тобына тұрмыста ежелден қолданылатын көнек жатады. Ежелден халық арасына көп таралған бұл ыдыс бие саууға қолайлы болу  үшін жатаған цилиндр шелек түрінде жасалады екен. Көнекті әшекей-бедері анық көрінуі және ұзақ  мерзім пайдалану үшін оны түйе терісінен әзірлейтін болған.

Бие саууға арналған осындай екі ыдыс қазір Алматыда тұратын, халқымызға кең танымал зергер Сержан Бәшіровтің жеке тарихи жәдігерлер жиынтығынан әкелінді. Мұражайымыздың қоры осы ыдыспен бұрынғыдан да толыға түсіп, келушілерді таңдандыратын көзайымға айналып отыр.

Екінші көнекті Моңғолиядан келген оралман Мүсірбай Тұрымтай тарту етті. Бұл ежелгі тері ыдыс шамамен осыдан 200 жыл бұрын (ХІХ ғасырдың басы) жасалыпты. Халықтың арасында оның қалай әзірленгені туралы қызықты аңыз бар.

ХІХ ғасырдың басында шеруші руының Керімжан Ағайқызы деген қызы  керей-абақ руының азаматына тұрмысқа шығады. Жас келіннің енесі қазақ дәстүрі бойынша келінінің шеберлігін сынау мақсатымен өзі түйе терісінен көнектің үлгісін пішіп, тігу үшін Керімжанға береді. Бұл сынақтан сүрінбей өткен ол кейін өзі тіккен осы ыдысты өз келіні Ықия Базарбайқызына, ал ол өз кезегінде Күлшара Садыққызына, ол  келіні -  осы көнекті мұражайға тапсырушының анасы Бауша Сіргетайқызына мұра ретінде қалдырыпты.

Бір заманда мол болғандықтан көшке жүк артқан кезде кеселердің сынып қалмауы үшін теріден кесеқап та әзірленген. Сержан Бәшіровтің  жиынтығындан алынған, бедермен әшекейленген осындай теріден жасалған ыдыс түрінің бір данасы «Алтай» көрме залын әрлендіре түсті. Цилиндр түріндегі, қақпағы бар ол терімен қапталған, іші матамен астарланған ағаштан жасалған. Кесеқап гүл-өсімдік түріндегі әшекеймен және қаңылтыр әшекеймен безендірілген.

Жоғарыда айтылған, адам таңданарлық әрі бірегей көне бұйымдарды біздің мұражайға тапсырған – Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тумасы С. Бәшіров. Құдай ісмер етіп жаратқан оның суретшілік жоғары білімі бар. Сержан Алматыдағы Жүргенов атындағы мемлекеттік театр-көркемөнер институтын 1991 жылы бітіріп, республикалық көркемөнер колледжінде оқытушы болып істейді. 1998 жвлдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Жерлесіміз, жас кәсіби суретші С.Бәшіровтің еңбектері Астанадағы  алтын және бағалы металдар, Мәскеудегі Шығыс халықтары, Варшава қаласындағы Азия және Тынық мұхит мұражайларында сақтаулы. Сержан Қазақстан бойынша 2005 жылы «ЮНЕСКОның Сапа белгісі» сертификатына ие болған бірден-бір шебер.

Саба – тері ыдыстардың ішіндегі ең көлемдісі. Әдетте ол екі-үш жылқының терісінен тігіліп, қымыз бен шұбат сақтауға арналған. Сабаның одан да көлемдісі -- 100 литрге дейін сусын сақтауға арналғаны болған. Жылқы түріне ұқсас оның түбі шаршы болып келіп, мойынына қарай біртіндеп жіңішкере түседі де аузына сусынды пісіп, араластыруға  арналған піспегі бар ағаш кеспек кигізіледі. Ыдыстың мойнына  жіп тағылады. Ол керегеге немесе сабаны ұстап тұратын тұғырға байлау үшін қажет. Сабаны қоятын арнайы тұғыр (түпқойма) жасалып, көп жағдайда оны дымқылданбауы, жылып кетпеуі немесе желден кеуіп қалмауы үшін кепкен талшыбықтардың үстінде сақтайды. Өйткені онда сақталған сусынның сапасы мен дәмін жоғалтпауы осыларға байланысты. Ыдысты аптасына бір рет тобылғының түтінімен ыстап, мал майымен немесе сары маймен сылайды.

Қымызды алып жүру үшін, әсіресе солтүстік аудандарда жылқының, ірі қараның және түйенің мойын терісінен екі шелек сусын сиятын сүйретпе, ал  Жетісу өлкесі мен Қазақстанның батыс аудандарында --тұтас сойылған ешкі терісінен мес жасалады.

Қазақстанның барлық өңірінде қымызды алып жүру мақсатында тері құты – сиымдылығы 10 литрлік тері ыдыс жанторсық пайдаланылады. Ол үшін бітеу сойылған тері қолданылып, оның бір аяғы  ағаш тығынмен жабылатын ыдыстың мойыны қызметін атқарады. Жанторсық та баиырмам бедермен және күмістен жасалған қаңылтыр өрнекпен әшекейленеді.

Халық шеберлерінің өзі жасайтын бұйымының  қолданылу мақсатын, оны қалай өрнектеуге қандай материалды пайдалануға болатынын жақсы түсініп, оны әзірлеудің жоғары технологиясын терең сезіне білгеніне таңырқайсың. Қазір республикамызда өз халқының ұлттық мәдениетіне, оның қолөнеріне деген қызығушылық артып, ісмерлік пен зергерлік сияқты сирек мамандықтарды игеруге ұмтылушылар саны арта тусуде.

Бұл күндері қазақтың бай көркемөнерлік мұрасы, оның әшекейлеу өнері, онымен шұғылданған адамдардың жоғары техникалық шеберлігі мен алтын қолдары ұлттық мақтанышымызға айланып отыр. Жылжып жылдар өтер. Бірақ мұражай қорларында сақталған қазақ халық қолөнерінің мәдениетін, мәдени мұраларын зерттеушілер саны арта түспесе, кемімесі анық.

Акмұрзинова Ғ., «Мәдениет жаршысы», 2008, № 7

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …