
Ұлттық домбыра күніне орай Шығыс Қазақстан зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Күмбірлеген домбыра» атты танымдық іс-шара өтті.
Шара аясында Шығыс –Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығының қызметкерлері «Домбыра-Қазақстан Республикасының ұлттық символы» тақырыбында дәпіс оқып, «Домбыра музейлік коллекциясының ерекшеліктері» атты көрме ұсынды.
Сондай-ақ іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныыс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері де қатысты.







