
2026 жылғы 4-12 мамыр аралығында ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Ұлы Жеңістің 81 жылдығына және Шығыс Қазақстан мен Қазақстанның Ұлы Отан соғысы батырларына арналған «Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында» атты экскурсия өткізді.
Экскурсияның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына құрмет пен соғыс жылдарындағы халықтың ерлік рухына тағзым ету. Экскурсияда оқушылар Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғаларымен танысып, Ұлы Жеңіске жетуге үлес қосқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жанқиярлығы туралы мәлімет алды.
Экскурсия барысында Шығыс Қазақстан облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырларына (Т.Тоқтаров, С.Нұрмағамбетов, И.Айтықов, Қ.Қайсенов, В.Мыза және т.б.) және Қазақстан Республикасының қаһармандарына (Т.Бигелдинов, Ә.Молдағұлова, М. Мәметова, Б.Момышұлы, Л. Беда және т.б.) ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жерлестеріміздің ерліктері, олардың майдан жолы мен марапаттары туралы баяндалды.
Оқушылар есімдері Қазақстан Республикасының тарихында мәңгілік сақталған тұлғалардың шынайы өмір тарихымен танысып, сондай-ақ мұрағаттық құжаттарды, фотосуреттерді және соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерді тамашалады.










